Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 Қаулысы

(2009.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2010.29.11. № 1263 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 41-7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 907 (бұр. ред. қара); 2007.09.10. № 920 (бұр.ред.қара); 2008.24.04. № 384 (бұр.ред.қара); 2008.20.12. № 1190 (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 855 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Мынадай құрамда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:

 

Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық

ресурстар министрі, төраға

 

Өжкенов Болат

Сұлтанұлы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы

 

Алдашев Рүстем

Ағыбайұлы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры, хатшы

 

Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары 

  

Жақыпов

Ғалымжан Қойшыбайұлы

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар

департаменті Келісім-шарттарды сараптау және жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасының бастығы

 

Сүйесінов

Амантай Кемелұлы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық

ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті

директорының орынбасары

 

Сафинов

Қанатбек Бейсенбекұлы

 

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары

Сәрсенов

Бауыржан Нұрланұлы

 

 

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары

Төрекелдиев

Сүйіндік Мырзагелдіұлы

 

 

- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Тоқтабаев

Тимур Серікұлы

 

 

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті директорының орынбасары

Рахымбаев

Тоғанас Қуандықұлы

 

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің бас сарапшысы

Теңгебаев

Ардақ Мырзабайұлы

 

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті

мамандандырылған басқармасының бастығы

 

Жергілікті атқарушы

органның өкілi

(объектінің аумақтық

тиесілілігіне қарай  шақырылады).

 

2. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 849 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов