Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 907 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010.29.11. № 1263 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрамына мыналар енгізілсін:

 

Ноғаев

Нұрлан Асқарұлы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры;

 

Таутеев

Әуесбек Зпашұлы

- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу департаментінің директоры;

 

мына:

 

«Сейтімбетов

Дәулетияр Сахидоллаұлы

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді кесімдер департаментінің бөлім бастығы»

 

деген жолдағы «бөлім» деген сөз «заңға тәуелді кесімдерді сараптау басқармасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген құрамнан Исаев Мұсабек Исаұлы және Әбішева Алиса Біләлқызы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов