«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
және байланыс агенттігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 369-378-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
369, 369-1, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
369-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілеттi
органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 325931 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион тоғыз жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 8, 18, 21-24-баптары; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы; «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдарының аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін радиосәуле шығаратын құралдардың деректерін есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы; «Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға электроэнергия, жылу, ыстық пен суық су және тағы басқа коммуналдық қызметтерді қолданудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттандыру және байланыс саласының дамуын және жетілдіруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ұлттық ақпараттық инфрақұрылымы мен байланыс және ақпараттандыру саласының дамуын және жетілдіруін қамтамасыз ету;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық негізін жетілдіру;
өз құзыреті шегіндегі қызмет түрлерін лицензиялау;
байланыс және ақпараттандыру саласындағы және радиожиілік өрісін пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
радиожиілік өрісінің мониторингінің толық түрде қызмет ететін жүйесінің құрылуы;
мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік регистрін сүйемелдеу;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің қызметін техникалық қолдау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 |
| Ақпарат- тандыру және байланыс саласын- дағы уәкілетті органның қызметін қамта- масыз ету |
|
|
|
2 |
| 001 | Орталық органның аппараты | 66 бірлік мөлшеріндегi штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің орталық аппаратын ұстау. Қатаң есептік бланктерін, лицензиялау және рұқсат бланктерін дайындау үшін қызметтер сатып алу. Автокөлікті ұстау және жалға алу. 2 тақырып бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу. Деректер беру желілеріне қол жеткізу жөніндегі және телефондық қызметтер үшін абоненттік және жалдық төлемдердi қамтитын ақпараттық- телекоммуникациялық жүйелерін қамтамасыз ету. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
3 |
| 002 | Аумақтық орган- дардың аппарат- тары | 113 бірлік мөлшеріндегі штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аумақтық органдарын ұстау. Автокөлікті ұстау және жалға алу. Компьютерлік және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету. Деректер беру желілеріне қол жеткізу жөніндегі және телефондық қызметтер үшін абоненттік және жалдық төлемдердi қамтитын ақпараттық- телекоммуникациялық жүйелерін қамтамасыз ету. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
4 |
| 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту қызметтерін сатып алу. | 2006 жылдың ақпан- жел- тоқсан айлары | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
5 |
| 009 | Мемле- кеттік орган- дарды материа- лдық- техни- калық жарақ- тандыру | Қостанай облысы үшін техникалық радиобақылаудың жылжымалы бекетін; Оңтүстік Қазақстан облысы үшін стационар- лық радиобақылау бекеттерін; қуаттылық өлшеуіште- рін; өріс анализаторларын; өріс анализаторларының антенналар жинақтарын, пеленгациялық антенналар жинағы бар портативтік тестілеу қабылдағыштарды; орталық аппарат және аумақтық органдар үшін жиһаздар мен ұйымдастыру техникасын сатып алу. Өткен жылдардың міндеттемелерін өтеу. | 2006 жылғы ақпан- жел- тоқсан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
6 |
| 017 | Ақпа- раттық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамта- масыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамта- масыз ету | Компьютерлік есептеу техникасына техникалық қызмет көрсету. Интернет жүйесіне кіру қызметі. Шығын материалдарын сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру - 2 тақырып бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу; мемлекеттік тілді оқыту - 38 адам; ағылшын тілді оқыту - 18 адам; ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің кідіріссіз жұмыс істеуін ұйымдастыру - 100%-ға орындау;
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін жиһаздар, шкаф-сейфтерін және ұйымдастыру техникасын сатып алу;
лицензиялық заңдардың орындалмауын және радиожиілік өріс пен радиоэлектрондық құралдармен заңсыз қызмет атқаратын пайдаланушыларды жедел түрде анықтау және оған жол бермеу - 100%-ға орындау.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің тиімді және кідіріссіз қызмет етуін қамтамасыз ету; Агенттіктің мамандарын мемлекеттік тілге оқыту қажеттіліктерін 21,2%-ға орындау;
Агенттіктің мамандарын ағылшын тілге оқыту қажеттіліктерін 10%-ға орындау;
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын жиһаздармен қамту пайызы - 60% (Қазіргі уақытта Агенттік ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жиһаздарын қолданады), шкаф-сейфтерімен - 50%, ұйымдастыру техникасымен - 44%.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
орталық аппаратының 1 штат бірлігіне кететін орташа шығыны 1359,9 мың теңге, аумақтық органның 1 штат бірлігіне - 831 мың теңге құрайды;
Агенттіктің 1 маманын мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын - 10 315 мың теңге;
Агенттіктің 1 маманын ағылшын тілге оқытуға кететін орташа шығын - 17111 мың теңге;
Радиобақылау жабдығының 1 бірлігіне - 5750 мың теңге.
Уақтылығы: жасасқан келісім-шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарларға сәйкес іс-шаралардың уақытылы орындалуы.
Сапасы: мемлекеттік тілге оқыту курстарын өткеннен кейін іс-жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізген мемлекеттік қызметкерлер үлесі 55%-ды құрайды;
ағылшын тілге оқыту курстарын өткеннен кейін іс жүргізуді ағылшын тілде жүргізген мемлекеттік қызметкерлер үлесі 27%-ды құрайды;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің кідіріссіз жұмыс істеуін ұйымдастыру - 100%-ды құрайды;
лицензиялық заңдардың орындалмауын және радиожиілік өріс пен радиоэлектрондық құралдармен заңсыз қызмет атқаратын пайдаланушыларды жедел түрде анықтау және оған жол бермеу деңгейі - 100%-ды құрайды;
жоспарланған нормативтік-құқықтық құжаттарды бекітуі - 100%-ды құрайды.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 369-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
369-1-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
002 «Электрондық үкіметті» қалыптастыру шеңберінде
мемлекеттік меншікке қатысу» деген республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1425000 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жиырма бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: KAZSAT спутнигі базасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет етуі үшін бірыңғай көліктік ортаны қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы, Өскемен, Шығыс Қазақстан облысының 19 аудан орталықтары мен қалаларын қамтитын телекоммуникациялық инфрақұрылым құру. Алматы, Өскемен қалаларында қалалық талшықтық-оптикалық сақина құру. Ақпараттық құрылымның Астана қаласындағы мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының пилоттық аймағымен ықпалдасуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п
| Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 |
| «Электрондық үкімет» қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік меншікке қатысу |
|
|
|
2 |
| 100 | Мемлекеттік органдардың біріңғай көлік ортасының спутниктік сегментін құру | «KazSatNet» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында деректер берудің орталық жер станциясының жерсеріктік желісін, Алматы қаласындағы, Өскемендегі, Павлодар облысының 4 аудандарындағы, 19 орталық аудандар мен Шығыс Қазақстан облысы қалаларындағы мемлекеттік органдардың ЕТС ГО-ға жердегі жерсеріктік станциялары мен желінің қолжетімділігін қосатын, ЕТС ГО жерсеріктік сегментінің пилотты аймақ жобасын іске асыру үшін АО «KazSatNet» кәсіпорнын құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
370-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 29313 мың теңге (жиырма тоғыз миллион үш жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; "Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын құру мен іске асырудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның бәсекелестік экономикасын одан әрі құрудың негізгі жағдайларының бірі ретінде инфо-коммуникациялық сектордың озып дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және дамыту; саланың инновациялық-технологиялық базасының дамуын және техникалық базамен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасындағы инфо-коммуникациялық саланың дамуын ғылыми және білім берумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылу тенденциясын және осы заманғы жағдайын талдау; радиожиілік спектрді бөлуді жетілдіру; Қазақстан Республикасында инфо-коммуникациялық технологиялардың даму тенденциясын және жағдайын және оның әлемдік қауымдастығына кіру жолдарын талдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 |
| Ақпарат- тандыру және байланыс сала- сындағы қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | 1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы 6 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, оның ішінде: 1) байланыс операторлары мүмкіндіктерінің және ақпараттық қоғамның техникалық негіздерінің құрылуындағы қажеттіліктердi қамтамасыз ету есебімен жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілерінің цифрлеу деңгейінің жағдайын зерттеу және Тұжырымдамасын әзірлеу; 2) Қазақстан Республикасының инфо-коммуникациялық саласының озып дамуының ғылыми және білім берумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылу тенденциясы мен жағдайын зерттеу және Тұжырымдамасын әзірлеу; 3) ырықтандыру жағдайында телекоммуникация саласындағы мемлекеттік реттеудi жетілдірудің проблемалары мен жолдарын зерттеу; 4) республиканың радиожиілік спектрін пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарды өңдеумен бірге жан-жақты талдау жүргізу; 5) жаңа телекоммуникациялық технологияларды енгізу мақсатында жиіліктерді босату механизмін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу және ғылыми-негізделген ұсыныстар әзірлеу; 6) Қазақстан Республикасында ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың даму тенденциясы мен жағдайын және оның әлемдік қауымдастыққа кіру жолдарын бағалау. 2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қызметтеріне төлеу. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: барлығы 6 ғылыми-зерттеу есеп беру әзірленеді, оның ішінде: байланыс саласында - 3, мемлекеттік қадағалау және лицензиялау саласында - 2, ақпараттандыру саласында - 1.
Соңғы нәтиже:
Байланыс саласында:
телекоммуникация және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің ғылыми-әдістемелік және нормативтік базасы жақсарады; республикада телекоммуникация желілерін цифрлеудің экономикалық және техникалық жағынан тиімді деңгейі, сонымен қатар инфо-коммуникациялық саланың ғылыми-білім потенциалының деңгейі анықталады;
мемлекеттік бақылау және лицензиялау саласында:
Қазақстан Республикасында радиожиілік өрісін пайдалану тиімділігі жоғарылайды;
ақпараттандыру саласында:
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық салада алдыңғы қатарлы ақпараттандыру-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен даму перспективалары анықталады.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: қолданбалы ғылыми зерттеулердің 1 тақырып бойынша орташа құны 3771 мың теңгені;
мемлекеттік бақылау және лицензиялау саласында - 5 500 мың теңгені, ақпараттандыру саласында - 7 000 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапасы: телефондық қондырғылардың, берілетін рұқсат қағаздар мен лицензиялардың, сонымен қатар ақпараттық ресурстардың саны көбейеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
371-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамыту"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1680000 мың теңге (бір миллиард алты жүз сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқаруда қатысатын жоғарғы білікті мамандарды тарту арқылы байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамытуды қолдау, байланыс және телехабарларын тарату инфрақұрылымын жедел дамыту, қатынау қиын аудандарды байланыспен қамтамасыз ету, байланыс пен телехабарларын таратудың халықаралық спутниктік жүйелерімен үйлесімділік, Қазақстан Республикасының жер үсті байланыс инфрақұрылымымен келісуді, спутниктік байланыстың жаңа технологияларын енгізу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Бюджетті бағдарламаның міндеттері: жер үсті басқару кешені мамандары үшін тұрғын үй-тұрмыс жағдайларын жасау, «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру жөніндегі бастапқы жұмыстарды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 |
| Байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутник- тік жүйесін дамыту | Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқарудың жердегі кешенінің мамандары үшін және «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру жөніндегі жұмыстар жүргізу үшін тұрғын-үй кешенін құру мақсатында "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары білікті мамандар үшін 2,0 мың шаршы метр тұрғын-үй іске қосылады, «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасауға және ұшыруға арналған келісім-шарт жасалады және нобайлық жобасын әзірлеу басталатын болады.
Соңғы нәтиже: Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқарудың жердегі кешенінің мамандарын тұрғын-үймен қамтамасыз ету 50%-ды құрайды; байланыс және хабар тарату ұлттық спутниктік жүйесін дамыту Қазақстанға ғарыштық байланыс қызметтерінің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Кателко» АҚ, «Астел» АҚ, «Қазтранском» АҚ, «Жарық» ЖШС, «Нұрсат» АҚ, «TNS Plus» АҚ, «Sa-Telcom» ЖШС, «Арна» АҚ телекоммуникациялық байланыс арналарын қорғанысты күшейту үшін ақпаратты қорғау құралдарын енгізе отырып, ұлттық ғарыш аппараттарына көшіруге, ұлттық және ақпараттық қауіпсіздік проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: тұрғын-үй кешенінің 1 шаршы метріне кететін шығын - 51,4 мың теңге; техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес хабар тарату байланыс спутнигін пайдаланудың барлық мерзімі ішінде жобаның бюджеттік тиімділігі 125 %-ды, экономикалық тиімділігі 129 %-ды құрауға тиіс.
Уақтылығы: жұмыстардың кестесіне сәйкес тұрғын-үй жайларын пайдалануға дайындығы 100% құрайды; Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасауға және ұшыруға арналған келісім-шартта айқындалған жасау және ұшыру кезеңдеріне сәйкес.
Сапасы: Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқарудың жердегі кешенінің тұрғын-үй кешенінің сапасымен қанағаттандырылған мамандардың пайызы 100% құрайды Қазақстан Республикасының аумағын бірыңғай спутникпен қамту қабылдау нүктелерін барынша азайтуға байланысты кідіру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
372-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдардың
мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 168284 мың теңге (бір жүз алпыс сегіз миллион екі жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 маусымдағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі Заңы; «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиілік спектрі мониторингі жүйесі қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: радиобақылау және радиоөлшегіш жабдықтарын, арнайыкөлік, сондай-ақ радиобақылау пунктілерін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 |
| Радио- жиілік өрісінің және радио- элект- рондық құрал- дардың мони- торинг жүйесін техни- калық сүйе- мелдеу | Радиожиілік спектрi мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін техникалық қамтамасыз етуін жүргізу: 18 тұрақты радиобақылау пунктілерінің (бұдан әрі - ТРБП) жайларын қорғау; ТРБП үшін жайларды жалға алу; арнайыкөліктер үшін бокстарды жалға алу; азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; коммуналды қызметтердi төлеу; электрлік энергияны төлеу; жылуды төлеу; ЖМЗ, өзге шығын заттарын сатып алу; байланыс қызметтері; штаттан тыс қызметкерлерге төлеу; өлшеу құралдарын тексеруден өткізумен байланысты іссапарлық шығындарды төлеу; өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету - 30 бірлік; радиожиілік спектрi мен радиоэлектрондық құралдардың мониторин- гі жүйесін қоғаммен инженерлік-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамымен 18 тұрақты радиобақылау пунктілерін (ТРБП) техникалық қамтамасыз ету; өлшеу құралдарын тексеруден өткізу және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесі қызметінің нақтылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 18 ТРБП қамтамасыз ету үшін кететін орташа шығын - 36 274 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеруден өткізуге - 2 000 мың теңге, жылына мониторинглеу жүйесін инженерлік-техникалық қамтамасыз етуге - 130010 мың теңге.
Уақыттылығы: жасасқан шарттарға сәйкес.
Сапасы: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесінің қызметін пайдаланушылардың жұмыс сапалығымен қанағаттандырылуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
373-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің
жұмыс істеуін қамтамасыз ету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 269459 мың теңге (екі жүз алпыс тоғыз миллион төрт жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5, 7-баптары; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында "электрондық үкіметті" қалыптастырудың шеңберінде ведомстволық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және техникалық жүйесіне бағдарламалық-аппараттық құралдармен қызмет көрсетуді жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қалыптастыруды, дамытуды және сүйемелдеуді ұйымдастыру-техникалық қолдауды жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылының жүйесін және бірыңғай коммуникациялық ортаны құру және техникалық қолдау, мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 |
| Ведомст- воаралық ақпа- раттық жүйе- лердің жұмыс істеуін қамта- масыз ету | 1. Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (басқару) сүйемелдеу. 2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу. 3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын сүйемелдеу. 4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу. 5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу: 1) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін орталық байланыста сүйемелдеу; 2) АЖАЖ тіркеу пунктерінің қолданбалы бағдарламалық қамтама- сыз етуін сүйемелдеу. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметi мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу. 7. Интернет-ресурстар- дың мониторингі. 8. Телекоммуникациялық қызметтер. 9. Жабдықтарға, жүйелер мен желілерге жүйелік-техникалық қызмет көрсету: 1) жабдықтарды, операциялық жүйелердi және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету; 2) мемлекеттік органдардың электрон- дық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің байланыс орталығы (ЭҚАБЖ-О); 3) мемлекеттік органдардың электрон- дық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомстволық байланысы (ЭҚАБЖ-В); 4) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының (МДҚ) байланыс орталығы; 5) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының (МДҚ) байланыс орталығы; 6) мемлекеттік орган- дардың веб-порталы (е-үкімет); 7) Қазақстан Респуб- ликасы Үкіметінің веб-сайты; 8) ақпараттық ресурс- тар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тіркелімі; 9) сараптау жүйесі; 10) "Мекен жай тіркелімі" мемлекеттік деректер қорының байланыс орталығы; 11) бағдарламалық кодтар депозитарийi және нормативтік техникалық құжаттар. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
63 мемлекеттік органдарда іс-жүргізудің үзіліссіз жұмысын қолдау мақсатында мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (басқару) сүйемелдеу.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу.
Тіркелген өнімдердің жалпы саны:
1) ДҚ, БӨ, Веб-сайттары, деректерді беру желісі - 550 бірлік;
2) ақпараттық есептеу құралдары (АЕҚ) - 78000 бірлік.
3. Жүйелердің сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Тестіленген құжаттардың жалпы саны (бірлік) - 18 бірлік.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Бағдарламалық өнімді сертификаттау, мемлекеттік тіркелімнің жұмысына нормативтік құжат.
Документтер мен кодтар - 127 бірлік.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу.
АЖАЖ-ның 35 бөлімдерінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттік органдардың саны):
1) мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын сүйемелдеу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын дамыту;
3) 4 мемлекеттік органдарда сайттарды құру мен дамыту.
7. Интернет-ресурстардың мониторингі:
1) Қазақстандағы Интернетті пайдаланушылар аудиториясының саны мен құрылымын зерделеу;
2) Қазақстанда Интернет қызметтеріне сұраныстар мен пайдаланушылар аудиториясының санының динамикасын болжамдау.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Жабдықтардың үзіліссіз жұмысы мен базалық бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтеріне 128 серверлер болжануда.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны):
1) интернетке бөлінген арналарды қосу - 4;
2) бөлінген арналарға қосу - 3;
3) VPDN қызметіне қосу - 434.
Соңғы нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Тіркеу құжаттарына уақытында және жедел қол жетімділікті 67% қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу.
ДҚ, БӨ, Веб-сайты, деректерді беру желісі және ақпараттық есептеу құралдарын (АЕҚ) сүйемелдеу мен өзектілеу мемлекеттік органдардың жалпы санынан 84% жүргізіледі.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын. Мемлекеттік тіркелімдегі (барлығы - 180 бірлік) жалпы санынан ақпараттық жүйені сынау проценті - 10.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттік ұйымдардың 40-тан 80% құрайды.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу:
16,3 % мемлекеттік органдарды, ведомстволарды Қазақстан Республикасында тұратын және уақытша тұратын халықтар туралы өзектіленген және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын сүйемелдеу. Мемлекеттік органдардың заңнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламалары мен құжаттарына қол жеткізу мүмкіндігі - 4%.
7. Интернет - ресурстардың мониторингі.
Интернет - ресурстарының жүргізілген іс-шараларының мониторингінің деректерін пайдаланудың өсуін ескере отырып (жылына 2 рет) осы іс-шараның құны жарты жылда 1025 млн. теңгені құрайды. Іс-шараның бір жылғы құны 2050 млн. теңге.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Операциялық жүйелерді және деректер қорының жұмыс істеуі үшін жағдайларды сақтау жабдықтардың жұмыс істей алмау қаупін төмендету 90%.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Уақытты үнемдеу, шығынды төмендету.
Уақтылығы: бекітілген графиктерге сәйкес іс-шаралар белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады.
Сапасы:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің сапалы және қол жетімді бағдарламалық қамтамасыз етуіне мемлекеттік органдарды 90% қанағаттандырады.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу:
1) ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелері туралы ақпаратты 100 % жүйелеу (АР мен АЖ)
2) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді бірегейлендіруді ұйымдастыру үшін АР мен АЖ әзірлеушілеріне 100% ақпаратты ұсыну.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Бағдарламалық құралдар мен деректер қорының сапасын 100% бағалау.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық құжаттары мен кодтарының депозитарийін 100% сақтау.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу:
1) Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгінген кездегі уақытын қысқарту және халыққа көрсетілетін ақпараттық қызметті 100% жақсарту;
2) Мемлекеттік органдарды және халықтың арнайы категориядағы есебімен айналысатындарды Қазақстан Республикасына уақытша келгендерді және тұратын халықтар туралы өзектіленген және шынайы ақпараттар туралы қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттік органдардың саны).
Әрбір мемлекеттік органды 100% ақпаратының ашықтығы мен қол жетімділігі.
7. Интернет-ресурстардың мониторингі.
Интернет саласын дамыту туралы талдау есебімен 100 % қанағаттандыру.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Техникалық жабдықтар мен базалық бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз 100% жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне қажетті телекоммуникациялық ресурстардағы қажеттілікті 100% қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
374-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппараттарын
басқаруды қамтамасыз ету»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 549451 мың теңге (бec жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутникті құру және ұшыру туралы кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: байланыс және хабар тарату ұлттық спутник жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын басқа елдермен - Байланыстың халықаралық электркеңесінің мүшелерімен халықаралық координациялау жөніндегі жұмыстар жүргізу;
байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктің, жердегі ғарыштық инфрақұрылымының сақтандыруын қамтамасыз ету, ғарыштық инфрақұрылымын басқарудың жердегі кешенінің қызметін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 |
| Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппарат- тарын басқаруды қамта- масыз ету | Қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын халықаралық координациялауды іске асыруға, байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктің, жердегі ғарыштық инфрақұры- лымының сақтандыруын қамтамасыз ету және "Метеостанция-2", спутниктік байланыстың 2 арнасын жалдауға мүліктік кешенін ұстау үшін "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімді- лігі республикалық орталығы" АҚ-ға әртүрлі ағымдық трансферттер аудару. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) жиілік-орбиталды жоспарларды таңдау, негіздеу және талдау, KAZSAT жүйесінің жиілілік иеленуді халықаралық координациялау;
Тапсырушының Байланыс әкімшілігіне және тікелей Тапсырушыға тапсыру үшін жоспарлы және жоспардан тыс жиілік белдеулерінің халықаралық тапсырыс құжаттарының жобаларын дайындау, өңдеу және әзірлеу, Зерттеу комиссияларда сәйкес жиілік белдеулерді регламентациялаудың проблемаларын шешу кезінде ұсыныстарды өңдеу және негіздеу; координацияға ақпараттық-талдау қамтамасыз етуді жүргізу; жүйенің жиілік иеленуді халықаралық координациялау және тіркеу жөнінде есеп берулерді жүйелі түрде дайындау және тапсыру; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу (модификация);
2) Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутникті, жердегі ғарыштық инфрақұрылымын сақтандыру;
3) "Метеостанция-2" мүліктік кешенін ағымдық ұстау.
4) спутниктік байланыстың 2 арнасын жалдау.
Соңғы нәтиже: байланыс және хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жүргізу.
Уақтылығы: бекітілген қаржыландыру жоспарымен сәйкес.
Сапасы: қазақстандық спутниктің меншік орбиталды позициясын халықаралық құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
сақтандыру жағдайы келген кезде қорғауды қамтамасыз ету, "Метеостанция-2" мүліктік кешенінің тиесілі қызмет етуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
375-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Почта-жинақтау жүйесін дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.23.10 № 1015 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дамыту бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа және экономиканың нақты секторына жоғары сапалы деңгейде почта және қаржылық қызметтердің кең спектріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге қабілетті, тиімді почта-жинақтау жүйесін қалыптастыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.23.10 № 1015 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық және қалалық жерде 80 өндірістік объектілер көлемінде филиалдық почта-жинақтау жүйесін капиталдық және техникалық жарақтандыру; ауылдық жерде 15 ауылдық байланыс бөлімшелерін салу арқылы меншіктік филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлімшелерінің операциялық залдарын 37 комплект көлемінде өндірістік жиһаздармен жабдықтау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.23.10 № 1015 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 |
| Почта- жинақтау жүйесін дамыту | Ауылдық жерде және қалаларда почта инфрақұрылымын дамыту үшін «Қазпочта» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту. | 2006 жылдың 1-тоқсаны | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.23.10 № 1015 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 44 аудандық тораптар және 36 қалалық почта байланысы бөлімшелер ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу; 15 ауылдық почта байланысы бөлімшелерінің құрылысын салу почта салу және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі техникалық нығайту талаптарына сәйкестікке келтіру; ауылдық почта байланысы бөлімшелерін 37 комплект көлемінде өндірістік жиһаздармен жабдықтау.
Соңғы нәтиже: 95 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлімшелерінде компьютерлік және банктік жабдықтардың бірыңғай инфо-коммуникациялық кеңістікте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жалпы табысын 5-8 % өсіруге, және сәйкесінше Қоғам жұмыскерлерінің еңбек ақысының 7-9% өсуіне, бюджеттің салықтық түсімдерін 3-5% өсуіне ықпал етеді.
Уақтылығы: жасалған келісім-шарттар мен құрылыс кестелеріне сәйкес. Сапасы: нақты уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуі, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесінің 95 бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтердің спектрін 10%-ға кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
376-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс
қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 3268183 мың теңге (үш миллиард екі жүз алпыс сегіз миллион бір жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы; "Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық елді мекендерде қызмет көрсететін байланыс операторларының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде ауылдық елді мекендерді 2006 жылы телефондандыру бойынша.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 |
| Ауылдағы байланыс оператор- ларының әмбебап байланыс қызмет- терін ұсыну жөніндегi залал- дарына өтемақы | Субсидиялау ережесіне сәйкес ауыл халқына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының залалдарына өтемақы. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3268183 мың теңге көлемінде.
Соңғы нәтиже: жалпы саны 7660 ауылдық елді мекендерден 5257 телефондандырылған ауылдық елді мекендерде (саны 50 адам және одан жоғары) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне халықтың үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебінен төленген субсидияның көлемі жылына 6948 теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу. Сапасы: телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен ауылдық абоненттердің қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
377-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері
болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін
абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 73387 мың теңге (жетпіс үш миллион үш жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 34-бабы; «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тарифтерін ребаланстау жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысы; «Телекоммуникацияның қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін төлем тарифтерін өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін жоғарылату жағдайында телекоммуникациялық қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қалалық телекоммуникация желілерінің абоненті болып табылатын әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің жоғарылауын өтеу ережесіне сәйкес осы қызметтерге тарифтер жоғарылаған жағдайда әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерінің төлемақысын өтеуге төлемдерді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 |
| Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне қалалық телеком- муника- циялық желі- лердің абонент- терi болып табыла- тын, әлеу- меттік қорға- латын азамат- тарға телефон үшін абонент- тік төлем тариф- терінің көтері- луін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалық телекоммуникациялық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға тоқсан сайын Әкімшіліктердің тапсырыстар ұсынуы бойынша тұрғын үй жәрдемақысы тетігі арқылы телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуін өтеуге арналған мақсатты ағымды трансферттер аудару. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігі, Облыс- тық және Астана, Алматы қалала- рының әкім- дері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 63040 телекоммуникациялық қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға компенсация төлеуді қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: тұрғын үй қатынастары саласында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғауын қажетті деңгейде ұстау.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: қалалық телекоммуникация желілерінің әлеуметтік қорғалатын 1 абонентіне шаққанда шығатын шығын - айына 97 теңге және соған сәйкес, жылына 1164 теңге.
Уақыттылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес мақсатты ағымды трансферттер аудару.
Сапасы: абоненттік төлемдерге тарифті көтеру бөлімінде қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалған азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
378-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«»Электрондық үкімет» құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 2790034 мың теңге (екі миллиард жеті жүз тоқсан миллион отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5, 7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімін ендіру туралы» 2002 жылғы 31 наурыздағы № 308с қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламасының мақсаты: Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база құру; мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту;
«электрондық үкіметтің» қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;
электрондық-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;
«электрондық үкіметтің» ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.26.10. № 470г (бұр. ред. қара); 2006.30.11. №470н Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 |
| "Элек- трондық үкімет" құру |
|
|
|
2 |
| 100 | Мемле- кеттік дерекқор құру | "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын дамыту (ЖТ МДҚ): 1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын дамыту және енгізу; 2) ЖТ МДҚ ағымдағы кезеңін іске асыру үшін техникалық құралдарды сатып алу; 3) ЖТ МДҚ ағымдағы кезеңін іске асыру үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; 4) жобаны басқару; 5) консалтингтік қызметтер; 6) АТ-консалтингалық жүйесі. "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын (ЗТ МДҚ) дамыту: 1) ЗТ мемлекеттік деректер қорын дамыту және енгізу; 2) ЗТ МДҚ дамыту және енгізу үшін техникалық құралдарды сатып алу; 3) жобаны басқару; 4) консалтингтік қызметтер; 5) АТ-консалтингтік жүйесі. "Жылжымайтын мүлік тізілімі" (ЖМТ МДҚ) мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесін дамыту: 1) Пилоттық аумақта "Жылжымайтын мүлік тізілімі" МДҚ дамыту және енгізу; 2) жобаны басқару; 3) консалтингтік қызметтер; 4) АТ-консалтингалық жүйесі; 5) "Жылжымайтын мүлік тізілімі" МДҚ дамыту және енгізу үшін техникалық құралдарды сатып алу; 6) "Жылжымайтын мүлік тізілімі" МДҚ дамыту және енгізу үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; "Мекен жайы тіркелімі" ақпараттық жүйесін дамыту (МЖТ АЖ): 1) "Мекен жай тіркелімі" ақпараттық жүйесін дамыту және енгізу; 2) "Мекен жай тіркелімі" ақпараттық жүйесін құру ағымдағы кезеңін іске асыру үшін техникалық құралдарды сатып алу; 3) лицензияланған бағдарламалық қамта- масыз етуді сатып алу; 4) жобаны басқару; 5) консалтингтік қызметтер; 6) АТ-консалтингтік жүйесі. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
3 |
| 101 | Мемле- кеттік орган- дардың бірыңғай элект- ронды құжат айналымы жүйесін құру | 1. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің бағдарлама- лық қамтамасыз етуін дамыту. 2. 7 мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін бағдарламалық қамта- масыз етуін енгізу. 3. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жобасы бойынша үйретілетін бағдарламаны әзірлеу. 4. Жобаны басқару. 5. Консалтингтік қызметтер. 6. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі үшін лицензия- ланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу. 7. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін дамыту үшін техникалық құралдарды сатып алу. 8. ЭҚАБЖ пайдаланушыларды оқыту. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
4 |
| 102 | Мемле- кеттік орган- дардың ақпа- раттық инфрақұ- рылымын құру | 1. Қазақстан Респуб- ликасының "электрондық үкімет" порталы мен шлюзін дамыту: 1) Қазақстан Республи- касының "электрондық үкімет" порталы мен шлюзінің 2-кезеңін іске асыру; 2) Қазақстан Республи- касының "электрондық үкімет" порталы мен шлюзін дамыту үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; 3) Қазақстан Республи- касының "электрондық үкімет" порталы мен шлюзін дамыту үшін техникалық құралдарды сатып алу; 4) консалтингтік қызметтер; 5) жобаны басқару. 2. Мемлекеттік органдар үшін куәлан- дырушы орталықты құру: 1) Мемлекеттік орган- дар үшін куәландырушы орталықты құрудың 2-кезеңін іске асыру: Куәландырушы орталық- тың бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізу; Мемлекеттік органдар- дың куәландырушы орталығын құру үшін лицензияланған қамтамасыз етудi сатып алу; Куәландырушы орталық құру үшін техникалық құралдарды сатып алу. 2) Куәландырушы орталықтың түбірін құрудың 1-ші кезеңі: Куәландырушы орталықтың түбірін құру үшін лицензия- ланған қамтамасыз етуді сатып алу; Куәландырушы орталықтың түбірін құру үшін техникалық құралдарды сатып алу. 3) Консалтингтік қызметтер. 4) Жобаларды басқару. 3. Серверлік орталықты техникалық жабдықтау- дың 1-ші кезеңі: 1) Жобалық жұмыстарды жүргізу; 2) Серверлік орталықты жабдықтау үшін техникалық құралдар (жабдықтар) сатып алу; 3) Орналастыру жұмыстарын жүргізу - 3-тоқсан. 4. КZ доменін басқару орталығын технологиялық жарақтандыру: 1) техникалық құралдарды сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
5 |
| 104 | "Элек- трондық үкімет- тің" құзырет орта- лығын құру | 1. "Электрондық үкіметтің" құзырет орталығын құру жөніндегі алдын ала жұмыстарды жүргізу. 2. Талдау, әдістемелік, анықтамалық және зерттеу жұмыстарын қалыптастыру және ұйымдастыру. 3. "Электрондық үкіметтің" құзырет орталығының веб-сайтын әзірлеу. 4. "Электрондық үкіметті" қалыптас- тырудың бағдарламасы- ның орындалуына қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету. 5. "Электрондық үкіметтің" құзырет орталығын құру үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу. 6. Құзырет орталығын құру үшін техникалық құралдарды сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
6 |
| 105 | Қол жеткі- зудің және халықты элек- трондық үкіметпен өзара іс-қимыл жасау негіз- деріне оқытудың жалпыға ортақ желілерін құру | Электрондық қызметке қоғамдық қол жеткізу пункттерінің желісінің 1-ші кезеңін іске асыру: 1) жоба алдындағы жұмыстарды жүргізу; 2) консалтингтік қызметтер; 3) жобаның аудиті; 4) 230 қоғамдық қол жеткізу пункттерін жабдықтау үшін техникалық құралдарды сатып алу; 5) жалпы қол жеткізілетін пункттерді қолжеткізу үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; 6) жобаны басқару. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7 |
| 106 | "Gouver- nement to Gouver- nement", "Gouver- nement to Consumer" қызмет- терін көрсе- тетін кешендi жүйе құру | Мемлекеттік органдардың Интернет-порталының 1-ші кезеңін іске асыру: 1) жоба алдындағы жұмыстарды жүргізу, тұжырымдаманы, техникалық экономикалық негізін, техникалық тапсырманы әзірлеуді қосқанда; 2) техникалық- жұмыстық жобаны әзірлеу, Интернет порталының пилоттық жобасын құруды қосқанда; 3) интернет порталын құру үшін техникалық құралдарды сатып алу; 4) лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; 5) жобаны басқару. 2. Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. 3. Рұқсат беру құжаттарын есепке алу (лицензиялау) саласында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттық жүйесін құру: 1) ақпараттық жүйелерді құру; 2) техникалық жабдық сатып алу; 3) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
8 |
| 108 | Қазақстан Республи- касы ұлттық біріз- дендіру жүйесінің ашық кілттер инфрақұ- рылымын жасау | Ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілт- терінің инфрақұрылымын құрудың 1-ші кезеңін іске асыру, жоба алдындағы жұмыстарды жүргізу, Куәландырушы орталықтың прототипін құру (КО ҰСЖ), оның ішінде: 1) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу: зерттеуді жүргізу, техникалық-экономика- лық негіздемені әзірлеу; жүйе үшін техникалық тапсырманы әзірлеу, цифрлық сертификаттар үшін таратқыштар мен цифрлық сертификат- тарға қойылатын талаптарды қоса алғанда; куәландырушы орталық- тың Ұлттық сәйкестен- діру жүйесінің жұмысын регламенттейтін құжаттарды әзірлеу; 2) жобаны басқару; 3) ұлттық сәйкестен- діру жүйесінің ашық кілттерінің инфра- құрылымын құрудың 1-ші кезеңін іске асыру үшін техникалық құралдарды сатып алу; 4) ұлттық сәйкестен- діру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұры- лымын құрудың 1-ші кезеңін іске асыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; 5) КО ҰСЖ жұмысын ұйымдастыру үшін тауарларды сатып алу; 6) техникалық жобаны әзірлеу (жүйенің прототипін құру). | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
9 |
| 109 | "Элек- трондық үкімет- тің" инфрақұ- рылымын қорғау жүйесін құру | "Электрондық үкімет" инфрақұрылымын қорғау жүйесінің 1-ші кезеңін іске асыру: 1) "Электрондық үкімет" инфрақұрылы- мының ақпараттық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын әзірлеу; 2) "Электрондық үкімет" ақпаратты қорғаудың техникалық жүйесін құруға техникалық тапсырманы және техникалық жұмыстың жобасын әзірлеу; 3) "Электрондық- үкімет" құру шеңберінде ақпаратты қорғау саласында халықаралық стандарттарды қабылдау және/немесе ұлттық стандарттарды әзірлеу; 4) "Open source" технологиялық базасындағы ұлттық операциялық жүйесін қорғауды құру жөніндегі іс-шараларды өткізу: жобаны басқару; консалтингтік қызметтер; техникалық-жұмыс жобасын әзірлеу (тұжырымдама, техникалық тапсырма). | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
10 |
| 110 | "Мемле- кеттік қызметтер тізілімі" ақпарат- тық жүйесін құру | "Электрондық- үкіметтің" ақпараттық- әдістемелік консал- тингтік жүйесін 1-ші кезеңін іске асыру: 1) ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу негізінде мемлекеттік басқарудың жүйесін модернизация- лау жөніндегі әкімшілік рәсімдерінің реинжинирлігін жүргізу тетіктерін әзірлеу және ұсыныс- тарды өңдеу мақсатын- да мемлекеттік көрсетілетін қызмет- тердің регламенттерін зерттеу; 2) "Электрондық үкімет" инфрақұрылы- мының базалық құрамдас бөліктерінің ролін және олардың өзара іс-әрекетінің қалыптастыру талап- тарын зерттеу; 3) "Электрондық үкімет" инфрақұрылымын қалыптастырудың шеңберінде жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 4) мемлекеттік орган- дардың электрондық қызмет тізілімін қалыптастыру мен дамыту жолдары; 5) мемлекеттік органдардың электрондық қызметi мен деректердi бірегейлендірудi бірыңғай тетігін қамтамасыз ететін ақпараттық технология- лар саласындағы ұлттық стандарттар мен жіктеуіштерді әзірлеу- дің тұжырымдамасын зерттеу; 6) сертификаттау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар- дың ақпараттық ресурстары мен жүйесінің жағдайының мониторингі; 7) "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік органдармен электрондық өзара іс-қимыл негізінде халықты қашықтықтан оқытудың бағдарламасын әзірлеу. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.26.10. № 470г (бұр. ред. қара); 2006.30.11. № 470н Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. мемлекеттік деректер қорын құру:
1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын дамыту:
2006 жылғы 4-тоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімдерін қосу;
2006 жылғы 4-тоқсанда мемлекеттік органдарға жеке тұлғалардың мәліметтерін ұсынуы;
2) "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қорын құру:
"Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қорын жеткізушілер мен тұтынушыларды 7 мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерімен ЗТ МДҚ біріктіру;
үздіксіз қоректендіру көзі мен дискалық массивті сатып алу есебімен жүйенің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін ЗТ МДҚ аппараттық қуатын көбейту;
3) "Мекен жай тіркелімі" ақпараттық жүйесін құру (МЖТ АЖ):
мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерімен МЖТ АЖ бірегейлендіру;
2006 жылғы 4-тоқсанда МЖТ АЖ-не 187-нен кем емес мемлекеттік қызметкерлерді қосу;
4) "Жылжымайтын мүлік тізілімі" (ЖМТ МДҚ) мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесін құру:
ЖМТ МДҚ, "ЖТ", "ЗТ" МДҚ, "Мекен-жай тіркелімі" АЖ жеткізуші және тұтынушы 4 мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен бірегейлендіру;
ЖМТ МДҚ жүйесіне кемінде 167 жұмыс орнын қосу.
2. Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін құру:
1) "Электрондық үкіметтің" интернет-порталымен ЭҚАБЖ біріктіру;
2) ЭҚАБЖ іс-жүргізуін 7 мемлекеттік органдарда пайдалануға көшу;
3) ЭҚАБЖ-ғы жұмыстар жөнінде мемлекеттік органдардың қызметкерлерін оқыту.
4) ЭҚАБЖ пайдаланушыларды оқыту.
3. Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру:
1) Қазақстан Республикасы "электрондық үкіметтің" порталы мен шлюзін дамыту;
Консалтингалық іс-шараларды жүргізу;
Қазақстан Республикасы "электрондық үкіметтің" порталы 2-ші кезегін әзірлеу, Қазақстан Республикасы "электрондық үкіметтің" порталы мен шлюзін 2-ші кезегін құру үшін тұжырымдаманы, техникалық-экономикалық негіздемені, техникалық тапсырманы техникалық-жұмыстық жобаны әзірлеу;
2) мемлекеттік органдар үшін Куәландырушы орталықты дамыту:
мемлекеттік органдар yшін Куәландырушы орталықты құрудың 2-ші кезеңін іске асыру;
лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу;
техникалық құралдарды сатып алу;
куәландырушы орталықтың түбірін құру:
лицензияланған қамтамасыз етуді сатып алу;
техникалық құралдарды сатып алу;
консалтингалық қызметтер;
жобаны басқару;
3) серверлік орталықты техникалық жабдықтау:
техникалық құралдарды сатып алу.
4) КZ доменін басқару орталығын технологиялық жарақтандыру:
техникалық құралдарды сатып алу.
4. "Электрондық үкіметтің" құзырет орталығын құру:
І-ші кезеңін іске асыру:
1) "Электрондық үкіметтің" құзырет орталығын құру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
2) талдау, әдістемелік, анықтамалық және зерттеу жұмыстарын қалыптастыру және ұйымдастыру;
3) "Электрондық үкіметтің" құзырет орталығының веб-сайтын әзірлеу; 4) "Электрондық үкіметті" қалыптастырудың бағдарламасының орындалуына қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.
5. "Электрондық үкімет" өзара іс-қимылының негізінде халықты оқыту және оларға қол жеткізу пункттерінің желісін құру.
1-ші кезеңін іске асыру:
1) Қоғамдық қол жеткізу желісін құру бойынша алдын ала жұмыстар;
2) Қазақстанның 2 қаласында қоғамдық қол жеткізу пункттерінің пилотын құру:
техникалық құралдарды сатып алу;
бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу.
6. "Gouvernement to Gouvernement", "Gouvernement to Consumer" ұсынылатын қызметтер жүйесінің кешенін құру.
Мемлекеттік органдардың Интранет-порталының 1-ші кезеңін іске асыру:
1) алдын ала жоба, Интранет-порталдың тұжырымдамасы, Интранет-порталды іске асыруға техникалық-экономиялық негіздеме мен техникалық тапсырма;
2) мемлекеттік органдарының Интранет-порталының пилотын қосқанда, техникалық-жұмыстық жобаны әзірлеу;
3) техникалық жабдықтарды сатып алу;
4) лицензияланған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу.
Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
Рұқсат беру құжаттарын есепке алу (лицензиялау) саласында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттық жүйесін құру:
1) ақпараттық жүйелерді құру;
2) техникалық жабдық сатып алу;
3) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық
кілттерінің инфрақұрылымын құру.
Ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұрылымын құрудың 1-ші кезеңін іске асыру, алдын ала жұмыстарын жүргізу, зерттеулерін өткізу, куәләндіруші орталықтың прототипін (үлгісін) (КО ҰСЖ) құру, оның ішінде:
1) ғылыми зерттеулік жұмыстарды жүргізу; зерттеуді, техникалық-экономикалық негіздемені, техникалық тапсырманы әзірлеуді қосқанда;
2) жоба бойынша консалтингалық қызметтер;
3) жобаны басқару;
4) техникалық жобаны әзірлеу (жүйенің прототипін құру).
8. "Электрондық үкіметтің" инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру:
1) "Электрондық үкіметтің" ақпараттық қауіпсіздігінің инфрақұрылымының тұжырымдамасын әзірлеу, "Электрондық үкіметтің" ақпаратын техникалық қорғау жүйесін құру үшін техникалық тапсырма мен техникалық-жұмыс жобасын әзірлеуді қосқанда;
2) "Электрондық-үкімет" құру шеңберінде ақпаратты қорғау саласында халықаралық стандарттарды қабылдау және/немесе ұлттық стандарттарды әзірлеу;
3) "Open source" технологиялық базасындағы ұлттық операциялық жүйесін қорғауды құру жөніндегі іс-шараларды өткізу, техникалық-жұмыс жобасын әзірлеу (тұжырымдама, техникалық тапсырма).
9. "Мемлекеттік қызметтер тізімі" ақпараттық жүйесін әзірлеу.
"Электрондық-үкіметтің" ақпараттық-әдістемелік консалтингалық
жүйесінің 1-ші кезеңін іске асыру:
1) ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу негізінде мемлекеттік басқарудың жүйесін модернизациялау жөніндегі әкімшілік рәсімдерінің реинжинирлігін жүргізу тетіктерін әзірлеу және ұсыныстарды өңдеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін зерттеу;
2) ғылымдық ақпараттық қоғамда біріктіру жолымен және Қазақстанда
ақпараттық-коммуникациялар технологияларының ағымдағы жағдайын
талдау арқылы "электрондық үкіметтің" қалыптастырудың ақпараттық-әдістемелік базасын әзірлеу.
Соңғы нәтиже:
1. Мемлекеттік деректер қорын құру:
1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын құру:
азаматтарды құжаттандыру мен тіркеу уақыты - 60 күннен 10 күнге
қысқарады, қаралатын құжаттардың саны 25-тен 75-ке дейін көбейеді;
туылған балаға бір рет берілетін жәрдемақы мен өтініштерді қабылдау арасындағы уақыттың кезеңі 30 күннен 3 күнге дейін қысқарады;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметi
комитетінің халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімдерінің қызметкерлерінің 486 жұмыс орны жабдықпен қамтамасыз етіледі;
2) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын құру:
Заңды тұлғалар бойынша шынайы және толық ақпаратпен мемлекеттік
органдардың қызметкерлерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың сұранымдар/жауаптарды өңдеу мүмкіндігімен 7 мемлекеттік органдардың қызметкерлерін "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорына қосу; ЗТ МДҚ аппаратының қуатын көбейту есебімен ЗТ МДҚ ақпараттық жобаға қатысушы мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметінің сапасы жақсарады және сұраныстарды өңдеудің жылдамдығы артады;
3) "Мекен-жай тіркелімі" мемлекеттік деректер қорын құру:
мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шынайы және толық адрестік
ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың ведомстволық
ақпараттық жүйелерінде (нен) сұранымдар /өтінімді өңдеу мүмкіндігімен 96 мо* қызметкерлерін МЖТ АЖ қосу;
біріктірілген ведомстволық ақпараттық жүйелерде адрестік өзектілігін дәрежесін көбейту;
аумақтық орналасуда уақыты шектеусіз нағыз масштабта жобаға
қатысушылар үшін өзектіленген адрестік ақпаратқа қол жеткізу;
4) "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік деректер қорын құру:
мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шынайы және толық адрестік
ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың ведомстволық
ақпараттық жүйелерінде (нен) сұранымдар /өтінімді өңдеу мүмкіндігімен 4 мемлекеттік органдардың қызметкерлерін "Жылжымайтын
мүлік тізілімі" мемлекеттік деректер қорына қосу;
ЖМТ МДҚ-ның жүйелерінің "ЗТ" "ЖТ" МДҚ-мен МЖТ АЖ мен МАЖ
жүйелерімен өзара іс-қимылы;
жылжымайтын мүліктің мемлекеттік бірыңғай автоматтандырылған есебін
жүзеге асыру МРК "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың" 5
облыстарында, Астана қаласында және 80 аудандық филиалдарында ЖМТ
МДҚ бірыңғай қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуіне көшу;
аппараттық платформаны дамыту;
бағдарламалық платформаны дамыту.
2. Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай
жүйесін құру:
кем дегенде 280 мемлекеттік қызметкерлерді ЕҚАБЖ-не қосу және
қағазсыз технологияларға көшу;
ЭҚАБЖ оқытылатын бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану есебінен
мемлекеттік органдарда ЕҚАБЖ жұмысын өздігінен дайындалу жаңадан
келген қызметкерлердің ЭҚАБЖ 100 қамтамасыз ету;
"Электрондық үкімет" Интернет-порталы арқылы жүгінген азаматтарды ЕҚАБЖ 100 қол жетімділігін ұсыну.
1280 ЭҚАБЖ пайдаланушыларды (мемлекеттік қызметшілерді) оқыту.
3. Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру:
1) Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталы мен
шлюзінің 2-кезегін іске асыру;
анықтамалық-ақпараттық контенін жариялау және бірыңғай іздеу жүйесінің тетігін құру арқылы мемлекеттік органдардың "электрондық қызметіне" азаматтар мен ұйымдардың қол жетімділігін 30% астамын ұйымдастыру;
2) Мемлекеттік органдар үшін куәландырушы орталықты құрудың 2-кезеңін іске асыру:
ЭҚАБЖ-де жұмыс істейтін 23-мемлекеттік органдарда Куәландырушы
орталықтың қызметін тираждау;
3) Серверлік орталықты технологиялық жабдықтау:
салынып жатқан ғимараттың серверлер жайларында "электрондық үкімет" жүйелерінің мынадай базалық аппараттық бағдарламалық кешенін орналастыру жоспарлануда: ЭҚАБЖ, МО БКО, ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, ЖМТ МДҚ, куәландырушы орталық, серверлер орталығы оның ішінде мемлекеттік органдар резервтері. "Электрондық үкімет" барлық жүйелерінің есептеу жабдықтарын басқару бір жерден басқару жүзеге асырылатын болады. Ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын қамтамасыз ету.
4) толыққанды КZ доменін басқару орталығын құру.
4. "Электрондық үкімет" құзырет орталығын құру:
1) Бизнес пен азаматтарға мемлекеттік қызметті ұсыну үшін "электрондық үкіметтің" ақпараттық технологияларын жоғарылатуды қолдау - 10%;
2) "Электрондық үкімет" шеңберінде халыққа көрсетілетін сервистік қызметін қолдау - 10%;
3) "Электрондық үкімет" қалыптастырудың ғылыми-әдістемелікті, ақпараттық-талдауды қолдау, компьютерлік біліктілікті жоғарылатуға семинарлар мен курстарды ұйымдастыру - 12%;
4) "Электрондық үкімет" әр-түрлі аспектілері жөніндегі ақпаратты
тарату жүйесін құру, ноу-хау кеңестерін ұсыну - 10%;
5) Ақпараттық қоғамды дамыту саласында жұмыс істейтіндермен шетел
ұйымдарымен партнерлік контактілерін белгілеуде жәрдем ету - 5%.
5. "Электрондық үкімет" өзара іс-қимылының негізінде халықты оқыту
және оларға қол жеткізу пункттерінің желісін құру:
1) қоғамдық қол жеткізу пункттерін құруға тұжырымдама әзірленді және базасы мен әдісі анықталды;
2) қазақстанның 2 қаласында қоғамдық қол жеткізудің пункттерінің
универсалдық желісін құру;
3) (2-ші кезеңін іске асыру үшін) қызмет спектрін және халықтық
қажеттілігін қоғамдық пункттердің жұмысының сапасына талдау жүргізу.
6. "Gouvernement to Gouvernement", "Gouvernement to Consumer" қызметтерді ұсыну жүйесінің кешенін құру:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органдардың қызметі туралы мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттандыруын 80% дейін көтеру;
2) ішкі және сыртқы бизнес процестерінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде еңбекшығыны 50% дейін қысқартылады. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің коллективтік жұмысы үшін жағдайларын жақсартуды құру - 50%;
3) жаңадан келген қызметкерлерді оқытуға және үйренуіне, жұмысының ақпараттарына қол жетімділігін алу уақыты 50% дейін қысқартылады;
4) ақпаратты жинау мен өңдеудің уақытының шығыны 70% дейін қысқартылады.
5) Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
6) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетуінің тиімділігін 80%-ға дейін арттыру.
7. Қазақстан Республикасы ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұрылымын құру:
1) Ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұрылымына
құжаттар әзірленді;
2) Ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұрылымының жүйесінің прототипі құрылды.
8. "Электрондық үкімет" инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру:
мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлгілік жоба шешімдерін әзірлеу,
"Электрондық үкімет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктердің ақпараттарын заңсыз қол жетімділіктен қорғауды ұйымдастыру әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
9. "Мемлекеттік қызмет тізімі" ақпараттық жүйесін құру:
консалтингалық қызметтер көрсетілген кезде "электрондық үкімет" бағдарламасын қалыптастыру шеңберінде ақпараттық инфрақұрылымды көрсетуге қатысу үлесі - 1,5%.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
1. Мемлекеттік деректер қорын құру
1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын құру:
ЖТ МДҚ техникалық экономикалық негіздемесіне сәйкес тіркеу рәсімдеріне кететін уақыттың шығыны есебінен ЖТ МДҚ енгізу кезінде экономикалық тиімділік 344 062 мың теңге/4= бір жылда 86 015,5 мың теңгені құрайды. Бланктерді пайдалануды қысқартқаннан экономикалық пайда 31512 мың теңге/4=7878 мың теңге бір жылда Салық төлеушінің куәлігі ретінде ЖСН құжат (ЖСН азаматтың сәйкестендіру СТН) есебінен экономикалық шығындар анықталады және әлеуметтік қорғау құжаты сияқты;
2) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын құру:
техникалық экономикалық негіздің жобасына сәйкес ЗТ МДҚ құру
техникалық позициямен қажетті және тиімді іс-шаралар болып
табылады. ЗТ МДҚ енгізуден экономикалық тиімділік заңды тұлғаларды
тіркеу туралы құжаттардың пакетін әзірлеу және берудің уақытын
қысқартумен белгіленеді. "бір терезеден" үрдісі бойынша заңды тұлғаларды тіркелген рәсімдерінде құжаттарды өңдеу 10 күннен кем болмайды. Осы деректерді өңдеу кезінде шығындардың сомасы 321926 мың теңгені құрайды.
ЗТ МДҚ енгізу кезінде тіркеу екі есеге қысқарады, шығынның сомасы 160 963 мың теңгені құрайды.
Заңды тұлғалардың экономиясы заңды тұлғалар үшін шығатын пакеттердің бланкісінің санын қысқарту 30*25000= 750 мың теңгені құрайды.
Әділетмині ТҚК қызметкерлерінің жұмыс уақытын үнемдеу реинжиниринг рәсімі кезінде өңдеу (Веб-сайтты пайдаланушылар үшін ақпаратты қолмен енгізу заңды тұлға туралы берілетін толтыру нысандары - ақпараттың электрондық көшірмесі - ұсынуымен ауысуы мүмкін) 0,5 сағ*25000 =12500 сағат немесе Әділетмині ТҚК бір қызметкерінің жұмыс уақыты 6 жылға немесе 6*322080=2 миллионға жуық құрайды;
3) "Мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жүйенің мемлекеттік деректер қорын құру:
МЖТ АЖ енгізу кезінде МЖТ АЖ техникалық-экономикалық негіздеменің
жобасына сәйкес бір мемлекеттік органда экономикалық тиімділік біржылға 7105 мың теңгені құрайтын болады.
96 мемлекеттік органдар үшін экономикалық тиімділік 96*7105 мың= 682080 мың теңгені құрайтын болады;
4) "Жылжымайтын мүлік тізімі" (ЖМТ МДҚ) мемлекеттік деректер қорын құру.
"Жылжымайтын мүлік тізілімі" (ЖМТ МДҚ) мемлекеттік деректер қорын құру техникалық позициядан қажетті және тиімді іс-шаралар болып табылады. ЖМТ МДҚ енгізуден техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес экономикалық тиімділік жеке меншік құқығы тіркелмеген жылжымайтын мүлікті сату, инвестициялық қызметті кеңейту, жалға беру төлемі, салық төлемдерінен түскен кірістердің өсуінде басты образбен анықталады. Салық төлемдерінен бюджетке 40 000 млн. теңге түседі. ЖМТ МДҚ енгізу кезінде салық түсімдері 200 млн. теңгеге, жалдау төлемдері - 160 млн. теңге, инвестиция - 225 млн. теңгеге өседі. Сонымен, жылдық экономикалық тиімділік ЖМТ МДҚ-нан 357,0078 млн. теңгені құрайды.
2. Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін құру.
ЭҚАБЖ енгізу кезінде ЭҚАБЖ-ның техникалық-экономикалық негіздеменің жобасына сәйкес бір мемлекеттік органда экономикалық тиімділік мемлекеттік органның қызметкерлерінің орташа бір айлық жалақысына сәйкес бір қызметкерге есепте жылына үнемдеу кемінде 47 238 мың теңгені құрайтын болады ("Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің макроэкономикалық көрсеткіштердің негізін дамыту") 2006 жылғы бір тоқсанға нағыз жұмысының экономикалық тиімділігінің қосындысы 7 мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ-де іс-жүргізуде жұмысшылардың 40 адамдай орташа саны әрқайсысы 47238/4*7*40= 330666 теңгені құрайды.
3. Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру:
1) Қазақстан Республикасы "электрондық үкімет" порталы мен шлюзінің 2-ші кезегін іске асыру:
мемлекеттік органдардың "электрондық қызмет" іске асырудан экономикалық тиімділік 30%, анықтамалық-ақпараттық контенін жариялау және бірыңғай іздеу жүйесінің тетігін құру арқылы мемлекеттік органдардың "электрондық қызмет" жылына 15580610 теңгені құрайды;
"электрондық үкімет" порталында азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге қолжетімділігін іске асырудан экономикалық тиімділігін бір жылға 1661931 теңгені құрайды;
жобаның жалпы тиімділігі бір жылда - 51 727 628 теңгені құрайды;
жобаның стратегиялық тиімділігінен экономикалық тиімділігі 200% және жылына 34 485 085 теңгені құрайды.
Жобаның жалпы тиімділігі бір жылда - 51727628 теңгені құрайды.
2) Мемлекеттік органдар үшін куәландырушы орталықты құрудың 2-ші кезеңін іске асыру.
Куәландырушы орталықты қосқан кезде техникалық экономикалық негіздемесіне сәйкес құжаттарды жеткізу мен өңдеуге уақыт 1459 минутке қысқартылады, арнайы байланыс құралдарымен құжаттарды жеткізу бойынша қағаз алмасудың уақыт 5280 мин, құжаттарды өңдеуге 210 минутке қысқарады. ЭЦҚ енгізу кезінде бір пайдаланушыға экономикалық пайда 37 683 теңгені бір мемлекеттік орган үшін ЭЦҚ пайдалану есебімен жылына экономия 7147000 теңгені құрайтын болады. Шығыстардың өзге де түрлері бойынша материалдық шығындар (факстық қағаз, ел бойынша ведомствоаралық пошталық жеткізу, қала ішінде ведомствоаралық пошталық жеткізу және т.б.) қаражаттың
1 363 550 теңгені үнемдеуді болжайды. Сонымен болжамды экономикалық тиімділік бір жылға 195 742 650 теңгені құрайды.
3) Сервер орталығын техникалық жабдықтау.
Экономикалық тиімділік "электрондық үкімет" жүйесінің іске асырылатын жобаларының экономикалық тиімділігі серверлік орталықтың ғимаратын пайдалануға енгізуден тікелей байланысты болады. Сервер орталығы болып табылатын орталық звеномен елдің ақпараттық жобаларын енгізуден:
құжаттардың ақпараттық алмасуының құпиялылығын арттыру есебімен кішкене қаржылық шығынының қаупінен, электрондық цифрлық қолтаңба мен салттық мөрлерді ауыстыру, персоналдың жауапкершілігін арттырудан қосымша экономикалық пайда болады.
4) "Электрондық үкімет" құзырет орталығын құру.
Экономикалық тиімділікті бағалау "электрондық үкімет" қалыптастыру
шеңберінде Іс-шаралар жоспарын орындаудың сапалы көрсеткіштерімен анықталады.
Жоба бойынша шығынды бағалау және қауіп мүмкіндігін бағалаудың балын анықтау әдісі негізінде есеп жүргізілді.
Жобаға қауіптің орташа баллы 19,7% құрайды. Осы жобаға қауіптің әсерін мынадай:
- бас персоналға;
- материалдарына;
- ғылыми-зерттеу жұмысына;
- жабдықты сатып алуға шығындар қаралды.
Аз ғана баллдық бағалау жобаны енгізудің қажеттігін куәландырады.
5. "Электрондық үкімет өзара іс-қимылының негізінде оларға қол жеткізу пункттерінің желісін құру және халықты оқыту:
1) "Электрондық үкімет" порталындағы мемлекеттің "электрондық қызметтерге" азаматтардың қол жетімдігін іске асыруынан экономикалық тиімділік жылына 1000 000 теңгені құрайды;
2) Қоғамдық қол жеткізу пункттері арқылы "Электрондық үкімет" порталындағы мемлекеттің "электрондық қызметтерге" бүкіл Қазақстанда қоғамдық қол жеткізу желілері құрылғаннан кейін жүгінушілердің 40%-дай пайдалана алады, ол жылына 400 000 теңгені құрайды;
3) жобаның стратегиялық тиімділігі экономикалық тиімділігінен 200%-на кем болды және жылына 800 000 теңге құрайды.
Бүкіл жобаның тиімділігі жылына 800 000 теңгені құрайды.
6. "Gouvernement to Gouvernement", "Gouvernement to Consumer" ұсынылатын қызметтер жүйесінің кешенін құру:
Интернет-порталды 1-ші мемлекеттік органға енгізуінен экономикалық тиімділігі келесіні құрайды:
Ақпаратты іздеуіне уақыттық шығындары 80%-ға дейін (күніне 10 минутке) кем болып экономикалық тиімділігі жылына 568181,82 теңгені құрайды;
Жинау, талдау және есеп-қисапты қалыптастыру уақыттық шығындарын 50%-ға (күніне 30 минутке) кем болып жылына 1 704 545 теңге құрайды.
1-ші мемлекеттік органның қорытынды тиімділігі 2 272 726,82 теңге құрайды.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұрылымын құру.
САК ҰСЖ іске асыру пайдаланушылардың аутентификациялау, және де электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы электрондық түрде құжатты заңға келістіру үшін талаптарды е-қызметті іске асыру үшін міндетті негізі болып есептеледі.
8. "Электрондық үкімет" инфрақұрылымының қорғау жүйесін құру.
Жобаны іске асыру кезінде тұжырымдаманың және саясат қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болуы ақпараттың қорын және ақпараттың жүйесін қорғауды ұйымдастыру керекті деңгейде мемлекеттік органдарға қызмет көрсету жағдай жасалынады.
9. "Мемлекеттік қызметтердің тізімі".
Әдістемелік құжаттар және стандарттар және т.б. іздеу: қолмен
өңдеу 1 сағат, автоматтандырылған жұмыс - 0,2 сағат;
Қолмен дайындау - 3 сағат, автоматтандырылған - 0,9 сағат;
Қолмен беру - 4 сағат, автоматтандырылған - 0,5 сағат.
Сонымен қолмен жұмыс істеу - 8 сағат, автоматтандырылған - 1,6 сағат.
Құжатты автоматтандырылғанмен жұмыс істеу уақыты 5 есе (8/1,6) кем
неғұрлым құжатты қолмен, бәрі 80%-ға аз уақыт талап етеді.
Қолмен жұмыс істеу:
8 сағат*22 күн*12 ай = 2112 сағат/жыл; сонда 0,2*(8 сағат*22 күн*12 ай) = 422,4 сағат/жыл құрайды - құжаттарды автоматтандырылғанмен жұмыс істету жылына уақыттың 0,8*(8 сағат*22 күн*12 ай) = 1689,6 сағат/жыл талап етеді.
Уақтылығы:
Бекітілген кестелерге сәйкес іс-шараны орындау белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.
Сапасы:
1. Мемлекеттік деректер қорын құру:
1) "Жеке тұлға" мемлекеттік деректер қорын құру:
бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандырудың деңгейі - 60%;
уақытында тіркеу және тұрғындарды құжаттандыру жөніндегі азаматтардың қанағаттандыру деңгейі - 60%.
2) "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қорын құру:
заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілеттерді және жеке кәсіпкерлердің біріккен құқық қызметін (ЖКб) БСН 3-мемлекеттік органда меншігін беруді автоматтық тіркеуді қамтамасыз ету;
ЗТ МДҚ ақпараттың тұтынушыларын мемлекеттік органдардың ақпараттық ведомстволық жүйесінің сұраныстармен жұмыс істеп 4- мемлекеттік органдағы, Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың, филиалдардың және өкілеттерін тіркеу ақпараты туралы жұмысты одан да жетілдіруді қамтамасыз ету.
3) "Мекенжай тіркелімі" АЖ мемлекеттік деректер қорын құру:
адрестік ресурстарды қалыптастыру саласында жұмыс атқарып жатқан мемлекеттік органдардың 50%-ын қанағаттандыру;
МЖТ АЖ-дегі мекенжай мәліметтерінің 100%-дық өзектілігі.
4) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" АЖ мемлекеттік деректер қорын құру
"Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік деректер қорының бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдаланушыларды 60% қанағаттандыру;
Әртүрлі мақсаттарды шешу үшін осы ақпаратты пайдалынған уәкілетті мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың жылжымайтын мүлікке құқығын және жағдайын талдауын, және де қызметінің тиімділігін арттыру.
жақсарту:
толық форматтық-қисап ақпаратын қадағалауды іске асырудағы жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алу және оларға құқығын бақылау сапасын; аралас мемлекеттік деректер қорының негізгі мәліметтерін тексеру мүмкіндігін; талдау салыстыру және толық тексеру, есептеу және жылда "кесілімінде" және "бөліктерінде" әртүрлі ақпаратты шығару, жылдағы динамикасында және де график, диаграмма және т.б. түрінде ақпаратты рәсімдеу жағдайы үшін талдау және ақпаратын беру сапасы шығарылымын және жылжымалы көрсеткіштердің және олардың құқықтарын терең талдау жағдайын қамтамасыз ету есебінен күнделікті жұмысты атқаруды бос болу, қадағалау-есептеу және құзыретті органдардың және басқа мүдделі ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруды көтеру үшін мамандардың жұмысының сапасы.
2. Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін құру:
1) ЕҚАБЖ жөніндегі үйрету бағдарламасын мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ пайдаланушылардың 100%-ын қанағаттандыру;
2) сапалы басқару шешімдерінің қабылдануын және жеделдігін арттыру, сондай-ақ, 63 мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ қызметкерлерімен пайдаланушыларды өзектіленген іс-жүргізуді өзектілеуді толық қамтамасыз ету есебімен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру;
3) ЭҚАБЖ-дегі "электрондық үкімет" Интернет-портал арқылы жүгінген азаматтардың сұраныстарын қарамаудың болмағаны.
4) мемлекеттік қызметшілер жұмысының жеделдігін арттыру.
3. Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру:
1) Қазақстан Республикасы "электрондық үкімет" порталы мен шлюзінің 2-ші кезегін іске асыру.
"Электрондық үкімет" порталы тұтынушылардың қызметке қанағаттануының жоғарылағанын қамтамасыз етеді, жалпы қабылданған тетіктерінен көрсетілген қызметтердің жеделдігі, ыңғайлы мен сапасын қамтамасыз ете отырып қанағаттандырудың өсуі - 40%-дан асады.
2) Мемлекеттік органдар үшін куәландырылған орталықтың 2-ші кезеңін құруды іске асыру.
Куәландырушы орталықты пайдаланушылар куәландырушы орталықтың жұмысының сапасына 100%-ға қанағат болуы.
3) Серверлік орталықты технологиямен жабдықтау.
Сервер орталығы 7 күндік аптада тәуліктегі 24 сағатта пайдаланылады.
4) КZ доменін басқару орталығының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
4. "Электрондық үкімет" құзыретін орталығын құру:
1) Азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметті ұсынуға уақыттың 80%-ға азаюы.
2) "Электрондық үкімет" қалыптастыру шеңберінде оқытылатын бағдарламаны оқыту мен кеңестер беруді Орталық құзыретімен пайдаланушылардың 20%-ға қанағаттандыру.
5. "Электрондық үкімет өзара іс-қимылының негізінде оларға қол жеткізу пункттерінің желісін құру және халықты оқыту.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қызметке жүгінген азаматтардың 80%-ға қанағаттануы.
6. "Government to Consumer" қызметтерін көрсетудің кешенді, жүйесін құру. Азаматтарды "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың қызметтерімен 100 % қанағаттандыру.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұрылымын құру. 2006 жылы сапалы нәтижеге жетпейді.
8. "Электрондық үкімет" инфрақұрылымының қорғау жүйесін құру:
Ақпараттық инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды іске асыру ақпараттық ресурстарды қорғау саласында бірыңғай саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Қорғау жүйесінің ролі "электрондық үкімет" дамыту шамасы бойынша жарияланған ақпаратты ұсыну деңгейінен транзакциялық қызметтерді ұсыну деңгейіне дейін жоғарылайтын болады, дербес ақпараттарды алу, төлемдерді және басқаларын жүзеге асыру.
9. "Мемлекеттік қызметтердің тізімі" ақпараттық жүйесін құру. Консалтингтік қызметтер көрсету үшін 100%-ға азаматтардың жүгінуін қанағаттандыру.