«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 470н Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 378-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

реттік нөмірі 3-жол мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

"8. ЭҚАБЖ пайдаланушыларды оқыту.";

реттік нөмірі 4-жол мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

"4. KZ доменін басқару орталығын технологиялық жарақтандыру:

1) техникалық құралдарды сатып алу.";

"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:

Тікелей нәтижеде:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

4) ЭҚАБЖ пайдаланушыларды оқыту.";

3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) KZ доменін басқару орталығын технологиялық жарақтандыру:

техникалық құралдарды сатып алу.";

Соңғы нәтижеде:

2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"1280 ЭҚАБЖ пайдаланушыларды (мемлекеттік қызметшілерді) оқыту.";

3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) толыққанды KZ доменін басқару орталығын құру.";

Сапада:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) мемлекеттік қызметшілер жұмысының жеделдігін арттыру.";

3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) KZ доменін басқару орталығының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов