Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және
мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта
(аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң) тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы №  274 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң) тiзбесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д: Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2005 жылғы 29 наурыздағы 

№ 274 қаулысымен

бекітілген

 

Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты

шығыстардың және мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын,

сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң)

тiзбесi

 

1. Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар:

1) сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысу үшiн қажеттi құжаттарды сатып алу жөнiндегі;

2) сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысу үшiн енгізiлетiн кепiлдi жарна.

2. Сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiк (активтер):

1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынатын электр энергиясы;

2) салық төлеушiлердiң салық берешегi есебiне иелiк ету шектелген мүлкі.