Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнің мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 31.01.03 ж. N 114; 30.09.03 ж. N 1004; 19.01.04 ж. N 49;

24.06.04 ж. N 695; 13.08.04 ж. N 860 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитеті (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;

2) Комитеттiң құрылымы;

3) Комитеттің аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттерi - мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттерi - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:

1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;

2) Комитеттің қызметiн ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қажет ету шараларды қабылдасын.

4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку