(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 9 ҚАЗАНДАҒЫ № 1102 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.01.03 ж. N 114; 30.09.03 ж. N 1004; 19.01.04 ж. N 49
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы N 695 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттерi - мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттерi - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
2) Комитеттің қызметiн ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қажет ету шараларды қабылдасын.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа