(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 7 ҚАЗАНДАҒЫ № 1096 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. N 1216; 22.11.02 ж. N 1239;
29.12.02 ж. N 1431; 01.04.03 ж. N 314; 18.07.03 ж. N 714; 04.08.03 ж. N 780;
19.08.03 ж. N 827; 08.11.03 ж. N 1119 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 16 маусымдағы N 662 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. N 1216 (бұр. ред. қара); 22.11.02 ж. N 1239 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстән Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып;
Редакция документа
Демо – версия документа