(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 07.10.02 Ж. № 1096 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 Қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. N 1216 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстән Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып;
4) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып.
Редакция документа
Демо – версия документа