(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 4 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 970 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 4
қыркүйектегі N 970 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314; 20.08.03 ж. N 837; 11.02.04 ж.
N 167 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. N 837 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiне - төрт, оның iшiнде - бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiн, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстауға республикалық бюджеттен көзделген, берілетiн штат саны шегiндегi қаржының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-1-жолмен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа