Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 4 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 970 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң

кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 4

қыркүйектегі N 970 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. N 837 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiне - төрт, оның iшiнде - бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiн, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстауға республикалық бюджеттен көзделген, берілетiн штат саны шегiндегi қаржының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды

4. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi:

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-1-жолмен толықтырылсын:

"11-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi 351";

реттiк нөмiрi 12-жолдағы "324" деген сан "229" деген санмен ауыстырылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку