(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 4 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 839 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл
шаралары туралы 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы
(ҚР Үкіметінің 18.12.98 ж. N 1290; 22.05.99 ж. N 614;
02.04.03 ж. N 317; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 1 қыркүйектегі N 922 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Эпидемиялық сипат алған туберкулезбен ауырудың және қайтыс болудың көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 02.04.09 ж. N 317 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі құрылсын.
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестерді, олар туралы Ережелер мен олардың жеке құрамын бекіте отырып ұйымдастыратын болсын.
2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
екі ай мерзім ішінде туберкулезге қарсы күрес қызметін қаржыландыру тетігін қайта қарасын;
бір ай мерзім ішінде туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселені туберкулездің одан әрі таралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін нақты шараларды қабылдай отырып қарайтын болсын;
облыстық бюджеттен жыл сайын медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған орталықтандырылған қаражат бөлуге ұсыныс жасасын;
Редакция документа
Демо – версия документа