(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл
шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ
1998 жылғы 4 қыркүйек N 839
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 2 сәурдегі N 317 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Эпидемиялық сипат алған туберкулезбен ауырудың және қайтыс болудың көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестерді, олар туралы Ережелер мен олардың жеке құрамын бекіте отырып ұйымдастыратын болсын.
2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
екі ай мерзім ішінде туберкулезге қарсы күрес қызметін қаржыландыру тетігін қайта қарасын;
бір ай мерзім ішінде туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселені туберкулездің одан әрі таралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін нақты шараларды қабылдай отырып қарайтын болсын;
облыстық бюджеттен жыл сайын медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған орталықтандырылған қаражат бөлуге ұсыныс жасасын;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органдарымен бірлесе отырып туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын ауруларды ауруханаға жатқызу және стационарларда емдеу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ осы стационарлардың аумағын қорғауды ұйымдастыру мәселелерін заңда белгіленген тәртіппен қарайтын және шешетін болсын;
Редакция документа
Демо – версия документа