Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 317 қаулысы (ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 935; 23.02.04 ж. № 212; 01.09.04 ж. № 922 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестiру кеңесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 317 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 935; 23.02.04 ж. № 212; 01.09.04 ж. № 922 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.21.12 № 1261 Қаулысымен күші жойылды

 

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2. «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 30, 265-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1-тармақтағы «құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекітілсiн» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

«құрылсын».

6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі»;

7, 8, 9, 12-тармақтарда:

«Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздер «Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

10-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын";

12-тармақтың "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 935 (бұр. ред. қара); 23.02.04 ж. № 212 қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен ереженің күші жойылды (бұр. ред. қара)

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции