(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 01.06.04 Ж. № 604 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық
бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.10.04 ж. N 1041 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 23-жолда:
"Лениногор қаласындағы" деген сөздер "Риддер қаласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 1 маусымдағы
N 604 қаулысымен
бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 07.10.04 ж. N 1041 қаулысымен лимитөзгерді
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң штат санының
лимиттерi
Р/с N | Атауы | Штат санының лимитi |
1 | 2 | 3 |
1 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесі |
Демо – версия документа