Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1041 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111; 2005.05.03. № 214 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң
"А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка
мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы
№ 1041 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111;  2005.03.05. № 214  қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгінiң "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсін:

1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 196-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:

7-бағандағы "A. Жұбанов атындағы музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты" деген сөздер "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) ҚР Үкіметінің 2005.03.05. № 214  қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов







































 

Укажите название закладки

Создать новую папку