Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК БАСҚАРМАСЫНЫҢ 27.10.03 Ж. № 380 ҚАУЛЫСЫ

Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау және олардың басшы қызметкерлерін

келісу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк

Басқармасының 2003 ж. 27 қазандағы N 380 қаулысы

Осы редакция Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.06.04 ж. N 159 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредиттік серіктестіктердің қызметтерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесі (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін.

2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку