Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күшін жойғандығын тану және өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 159 қаулысы (2006.09.01. берілген өзгерістерімен)
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күшін
жойғандығын тану және өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 159 қаулысы
(2006.09.01. берілген өзгерістерімен)
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.09.01. № 20 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.09.01. № 20 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулының қосымшасындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Демо – версия документа