(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер
жөніндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы N 311 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 21 қарашадағы N 1235 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
Комиссия туралы ереже;
Комиссия құрамы бекiтiлсiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 жылғы 1 наурыздағы
N 311 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссияның негiзгі функциялары мен өкілеттіктерi
3. Комиссия жергіліктi атқарушы органдардың ұсыныстарын қарайды және:
1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткiзу;
2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру;
4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу;
Демо – версия документа