Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1235 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1235 қаулысы


ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 476 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

3-тармақтың бірінші абзацындағы "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздерден кейін ", шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтағы "қажеттілігіне қарай" деген сөздерден кейін "тоқсанына кемінде бір рет" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:

"5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді.

5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.

5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды";

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін:

Мұхаметжанов           - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлімұлы         Премьер-Министрінің орынбасары,
                         төраға
Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы       Премьер-Министрінің Кеңсесі
                         Әлеуметтік-мәдени даму
                         бөлімінің меңгерушісі
Аманшаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы         ақпарат және қоғамдық келісім
                         министрлігі Мәдениет комитетінің
                         төрағасы, хатшы
Ерғалиева              - Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының
Райхан Әбдешқызы         кафедра меңгерушісі, өнертану
                         докторы (келісім бойынша);
      мынадай жол:
"Есдәулет              - Қазақстан Республикасы
Ұлықбек Оразбайұлы       Премьер-Министрінің Кеңсесі
                         Әлеуметтік-мәдени даму
                         бөлімінің сектор меңгерушісі"
      мынадай редакцияда жазылсын:
"Есдәулет              - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұлықбек Оразбайұлы       бас редакторы";

көрсетілген Комиссияның құрамынан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Тілеухан Бекболат Қанайұлы, Барманқұлова Баян Кәрібайқызы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку