Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кірме жолдардағы жұмыстар ережесін бекіту туралы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 367-І бұйрығы (күші жойылды)

Кірме жолдардағы жұмыстар ережесін бекіту туралы
Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы29 қыркүйектегі № 367-І бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдардағы жұмыс ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

 

 

 

 

 

 

 

К.И. Нағманов

«Кірме жолдардағы жұмыс

ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникациялар

министрінің

2004 жылғы 29 қыркүйектегі

№ 367-І бұйрығымен бекітілген

Кірме жолдардағы жұмыс ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және кірме жолдардағы жұмысты ұйымдастыру тәртібін белгілейді, сонымен қатар кірме жолдардағы жұмысты ұйымдастыру кезінде тармақ иеленуші, магистральдық темір жол желісінің операторы, тасымалдаушы және тасымалдау процесіне басқа қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейді.

2. Осы Ережеде «тармақ иеленуші», «магистральдық темір жол желісінің операторы», «Ұлттық темір жол компаниясы», «кірме жолдар», «тасымалдау процесіне қатысушы», «уәкілетті орган», «клиент» деген ұғымдар Заңда белгіленген мағыналарда қолданылады.

2. Кірме жолдардағы жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

3. Кірме жолдар магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға тікелей немесе басқа кірме жолдар арқылы жанасады. Кірме жол шекарасы «Кірме жол шекарасы» деген белгімен белгіленеді. Мұндай белгінің орнын Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку