Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысы (2021.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысы

(2021.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.

2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.15.06. № 433 Қаулысымен (бұр.ред.қара) күші жойылды

3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары болып қайта ұйымдастырылсын.

Агенттiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 83-құжат);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 сәуірдегi № 500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 176-құжат).

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен ереже күшін жойды  (бұр. ред. қара)

 

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен тізбе күшін жойды (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір

шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер

1. ҚР Үкіметінің 2019.24.10. № 798 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 228-құжат):

2 және 5-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)»деген сөздермен ауыстырылсын.

3.ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)

4. ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2021.27.12. № 936 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 11.03.04 ж. № 307 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды

6. «Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөнiндегі бiрыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегі № 646 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекітілген бiрыңғай конкурс өткізу жөнiнде жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«35 Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы)».

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции