Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕ...

Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысы

(2016.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. № 837 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.15.06. № 433 Қаулысымен (бұр.ред.қара) күші жойылды

3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары болып қайта ұйымдастырылсын.

Агенттiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 83-құжат);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 сәуірдегi № 500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 176-құжат).

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку