Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«ҚазАвтоКөлік» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі № 965 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«ҚазАвтоКөлік» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі № 965 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының Yкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны мен оның еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1-қосымшаға сәйкес «ҚазАвтоКөлiк» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен, оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарының құрамынан 2-қосымшада көрсетiлген әскери үлгідегi автомобиль лектерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiктi бөлiп шығаруды және оны Қоғамның жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен оның қызметiнiң негiзгi мәнi әскери үлгідегі автомобиль лектерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету деп белгілеп, Қоғам жарғысын бекiтудi және заң органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң өкiлдерiн енгiзiп, Қоғамның Директорлар кеңесiн қалыптастыруды;

2) Қоғамның Директорлар кеңесiнiң Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қазандағы № 944 ем Жарлығында бекітілген жоспарларда көзделген жұмылдыру жоспарларын азайтпай, әскери үлгідегi автомобиль лектерiнiң орналасқан жерлерiнде Қоғамның филиалдарын құру туралы шешiм қабылдауын қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң ұсынысы қабылдансын.

6. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қазандағы № 944 ем Жарлығында бекітілген жоспарларға заңнамада белгiленген тәртiппен өзгерістер мен толықтырулар енгiзудi қамтамасыз етсiн.

7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары C.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2003 жылғы 23 қыркүйектегi № 965 қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының қайта

ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарының

тiзбесi

1. «3096 автолек» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

2. «3097 автолек» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсіпорны.

3. Ұзынағаш еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсіпорны.

4. Ақмола автокомбинаты шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорны.

5. Республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «Ақмола № 1» еншiлес автокөлiк кәсiпорны.

6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының шаруашылық жүргiзу құқығындағы № 3063 автолек еншiлес мемлекеттік кәсiпорны.

7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «Ақтөбе АТЭП-3034» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының 3082 автолек еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «3056-Орал автолегі» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

10. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының шаруашылық жүргiзу құқығындағы Киев еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «Семиозер AКК» еншiлес автокөлiк кәсiпорны.

12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «3078 «Г» әскери үлгідегi автолегi» мемлекеттік еншiлес кәсіпорны.

13. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «Сергеевка автокөлiк кәсiпорны» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны.

14. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «Түркiстан АКЭК» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2003 жылғы 23 қыркүйектегi № 965 қаулысына

2-қосымша

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының құрамынан әскери

үлгідегi автомобиль лектерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету үшін қажеттi мүлiк бөлiнуге тиiс еншілес мемлекеттік

кәсiпорындардың

тiзбесi

1.»№ 3035 автолек» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны «3048 автолек» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының № 3058 автолек еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

4. Республикалық автокөлiк кәсiпорны № 3067 автолек еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны 3073 автолек еншiлес мемлекеттік кәсiпорны.

6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны 3076 автолек еншiлес мемлекеттік кәсiпорны.

7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «Шымкент қаласы 3090 автолегi» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2003 жылғы 23 қыркүйектегi № 965 қаулысына

3-қосымша

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсіпорнының таратылуы тиiс

еншiлес мемлекеттік кәсіпорындарының

тiзбесi

1.»№ 3035 автолек» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «3048 автолек» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсіпорны.

3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының № 3058 автолек еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

4. Республикалық автокөлiк кәсiпорнының № 3067 автолек еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны.

5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының 3073 автолек еншiлес мемлекеттік кәсіпорны.

6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының 3076 автолек еншiлес мемлекеттік кәсiпорны.

7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының «Шымкент қаласы 3090 автолегi» еншiлес мемлекеттік автокөлiк кәсіпорны.

8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорнының 3095 автолек еншiлес мемлекеттік кәсiпорны.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2003 жылғы 23 қыркүйектегi № 965 қаулысына

бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне

енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестердiң тiзбесiнде:

«Астана қаласы» деген бөлiм реттiк нөмiрi 21-45-мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«21-45. «ҚазАвтоКөлiк» АҚ».

3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

«Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген бөлiм реттiк нөмiрi 160-18-мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«160-18. «ҚазАвтоКөлiк» АҚ».

4. «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):

Акцияларының мемлекеттік пакеттерi 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 43 жолмен толықтырылсын:

«43. «ҚазАвтоКөлiк» АҚ» (Астана қаласы) 100%.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции