(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 23 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 965 ҚАУЛЫСЫ
«ҚазАвтоКөлік» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі № 965 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Yкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны мен оның еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1-қосымшаға сәйкес «ҚазАвтоКөлiк» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен, оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттік автокөлiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарының құрамынан 2-қосымшада көрсетiлген әскери үлгідегi автомобиль лектерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiктi бөлiп шығаруды және оны Қоғамның жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен оның қызметiнiң негiзгi мәнi әскери үлгідегі автомобиль лектерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету деп белгілеп, Қоғам жарғысын бекiтудi және заң органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
Редакция документа
Демо – версия документа