Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 10 қыркүйектегі № 916 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 10 қыркүйектегі № 916 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Өсiмдiк шаруашылығы, астық және мал азығы дақылдарының, дәрiлiк өсiмдiктердiң және картоптың селекциясы, жоғарғы репродукциялы тұқым өндiру саласында ғылыми-зерттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру және Орталық Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндiрiсiне қазiргi заманғы агротехнологияларды енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң мән-жайы ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi (өсiмдiк шаруашылығы және егiншiлiк) жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруынан 79132000 (жетпiс тоғыз миллион жүз отыз екi мың) теңге сомасындағы негiзгi құралдар Кәсiпорынның жедел басқаруына берiлсiн (1-қосымша).
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және осы қаулының 4-тармағына сәйкес негiзгi қаражатты берудi қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының 1, 4-тармақтарында және 5-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген шаралар жүзеге асырылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны заңнамада белгiленген тәртiппен Қарағанды облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қарағанды облысының әкімімен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
9. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының тұрақты жер пайдалануынан жалпы көлемi 15347 (он бес мың үш жүз қырық жетi) гектар ауыл шаруашылығына арналған жердi, соның iшiнде 13414 (он үш мың төрт жүз он төрт) гектар егiстiк жердi Кәсiпорынның тұрақты жер пайдалануына берудi қамтамасыз етсiн (2-қосымша);
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
10. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2003 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 916 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
«Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты» республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорнының жедел басқаруынан Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қарағанды өсiмдiк
шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты»
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының жедел
басқаруына берiлетiн негiзгi құралдардың
Тізбесі
(2003 жылдың 1 сәуiрiне)
р/с | Атауы | Саны, | Теңгерiмдiк | Қалдық |
1 2 3 4 5 | ||||
Ғимараттар |