(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.09.03 Ж. № 916 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 10 қыркүйектегі № 916 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өсiмдiк шаруашылығы, астық және мал азығы дақылдарының, дәрiлiк өсiмдiктердiң және картоптың селекциясы, жоғарғы репродукциялы тұқым өндiру саласында ғылыми-зерттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру және Орталық Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндiрiсiне қазiргi заманғы агротехнологияларды енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң мән-жайы ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi (өсiмдiк шаруашылығы және егiншiлiк) жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруынан 79132000 (жетпiс тоғыз миллион жүз отыз екi мың) теңге сомасындағы негiзгi құралдар Кәсiпорынның жедел басқаруына берiлсiн (1-қосымша).
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және осы қаулының 4-тармағына сәйкес негiзгi қаражатты берудi қамтамасыз етсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа