Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 223 қаулысы (күші жойылды)
Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы
ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 223 қаулысы
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 12.07.04 ж. № 199 қаулысымен күші жойылды
"Кредиттік серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережені бекіту жөнінде" 1999 жылғы 16 тамыздағы № 256 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 894 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 13-26 қыркүйекте жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1047 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуір - 7 мамырда жарияланған);
Документ утратил силу
Демо – версия документа