Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктеріне арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 Қаулыcы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктеріне арналған
пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа нормалар
мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасы 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 Қаулыcы

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 04.07.03 ж. № 223 Қаулысымен күші жойылды

Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы № 256 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктерiне арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

     2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын.

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

     Ұлттық Банк

Төрағасы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку