Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Уақытша кедендік декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 ж. 20 мамырдағы № 218 бұйрығы (2005.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Уақытша кедендік декларацияны толтыру және уақытша декларациялау
рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 ж. 20 мамырдағы № 218 бұйрығы

(2005.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2006.27.06. № 220 бұйрығымен күші жойылды

 

Уақытша кедендік декларацияны толтыру және тауарларды уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеуді оңтайландыру және жеңілдету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған уақытша кедендік декларацияның рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Н.Ғ. Досмұратова) осы бұйрықты іске асыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға

Қазақстан Республикасының

Кедендік бақылау агенттігі

төрағасының

2003 жылғы 20 мамырдағы

№ 218 бұйрығымен

бекітілген

Уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып, уақытша

кедендік декларациялау мен кедендік ресімдеуді толтырудың

ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 55, 112, 219 және 387-баптарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік бақылау мен ресімдеудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 08.07.04 ж. № 299 бұйрығымен 2-тармақ толықтырылды

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции