«Құбыр көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу ережесін және Уақытша кедендік декларация беру жолымен тауарларды декларациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 220 бұйрығы (күші жойылды)
Құбыр көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды
кедендік ресімдеу ережесін және Уақытша кедендік декларация беру
жолымен тауарларды декларациялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 220 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 53, 112, 219 және 387-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Құбыр көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу ережесі;
2) Уақытша кедендік декларация беру жолымен тауарларды декларациялау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Н. Ғ. Досмұратова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (С. С. Молдабаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес келесі бұйрықтар күшін жойған болып саналсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның м.а.
Документ утратил силу
Демо – версия документа