Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығы (2009.04.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 7 мамырдағы № 1085 Жарлығы
(2009.04.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 Жарлығымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Осы Жарлыққа түсініктемені қара
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 10.11.04 ж. № 1472 Жарлығымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мынадай құрылымы бекітiлсiн:
1) Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы соғыс кезiнде Қарулы Күштердiң бүкiл қызметiне жалпы басшылық жасауды және Штабтар бастықтарының комитетi арқылы оларды басқаруды жүзеге асыратын Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы);
ҚР Президентінің 10.11.04 ж. № 1472 Жарлығымен (бұр. ред. қара); ҚР Президентінің 2009.04.03. № 762 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақша өзгертілді
2) әскери басқару органдары:
стратегиялық - Қорғаныс министрлігі (орталық атқарушы орган) және Штабтар бастықтарының комитетi (ведомство);
жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерінің құрамына кіретін бас қолбасшылардың, Қарулы Күштер Тылы бастығының басқармалары;
жедел-аумақтық - өңiрлiк қолбасшылықтар басқармалары;
жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерiнiң әскер тектерi бастықтарының басқармалары, арнайы әскерлердің бас басқармалары
жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерінің әскер тeктepi қолбасшыларының (бастықтарының) басқармалары, арнайы әскерлердің бас басқармалары (басқармалары);
жергiлiктi - облыстардың қорғаныс iсi жөніндегі департаменттерi (басқармалары және аудандар мен қалалардың бөлiмдерi);
Документ утратил силу
Демо – версия документа