(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2003 Ж. 7 МАМЫРДАҒЫ № 1085 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 ж. 7 мамырдағы № 1085 Жарлығы
(ҚР Президентінің 10.11.04 ж. № 1472 Жарлығымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 4 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Осы Жарлыққа түсініктемені қара
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 10.11.04 ж. № 1472 Жарлығымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мынадай құрылымы бекітiлсiн:
1) Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы соғыс кезiнде Қарулы Күштердiң бүкiл қызметiне жалпы басшылық жасауды және Штабтар бастықтарының комитетi арқылы оларды басқаруды жүзеге асыратын Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы);
ҚР Президентінің 10.11.04 ж. № 1472 Жарлығымен 2-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) әскери басқару органдары:
стратегиялық - Қорғаныс министрлігі (орталық атқарушы орган) және Штабтар бастықтарының комитетi (ведомство);
жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерінің құрамына кіретін бас қолбасшылардың, Қарулы Күштер әскер тектерінің қолбасшылары мен Қарулы Күштер Тылы бастығының басқармалары;
жедел-аумақтық - өңiрлiк қолбасшылықтар басқармалары;
жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерiнiң әскер тектерi бастықтарының басқармалары, арнайы әскерлердің бас басқармалары
тактикалық - құрамалар мен әскери бөлiмдердiң басқармалары;
жергiлiктi - облыстардың қорғаныс iсi жөніндегі департаменттерi (басқармалары және аудандар мен қалалардың бөлiмдерi);
ҚР Президентінің 10.11.04 ж. № 1472 Жарлығымен 3-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
3) Қарулы Күштер түрлерi:
Редакция документа
Демо – версия документа