«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 676-қбпү Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы бекітілсін:
1) соғыс уақытында Қарулы Күштердің барлық қызметіне жалпы басшылық жасауды және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы басқаруды жүзеге асыратын Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы - Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы);
2) әскери басқару органдары:
стратегиялық - Қорғаныс министрлігі және Бас штаб;
жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер тылы бастығының басқармалары, Қарулы Күштердің бас басқармалары;
жедел-аумақтық - өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармалары;
жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерінің әскер тектері қолбасшыларының басқармалары;
тактикалық - құрамалар мен әскери бөлімдердің басқармалары;
жергілікті - қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер;
3) Қарулы Күштер түрлері:
Құрлық әскерлері мынадай құрамда: әскери басқару органдары, өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері, арнайы әскерлер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, оку-жаттығу және резервтік құрамалар, бөлімдер мен мекемелер;
Әуе қорғанысы күштері мынадай құрамда: әскери басқару органдары, әскер тектері, арнайы әскерлер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, оқу-жаттығу және резервтік құрамалар, бөлімдер мен мекемелер;
Документ утратил силу
Демо – версия документа