Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысы (ҚР Үкіметінің 04.03.04 жы. № 272 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.03.04 жы. № 272 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне жылына екi рет: 15 маусымға және 15 желтоқсанға Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметіне жылына екi рет: 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

И. Тасмағамбетов


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысымен

бекітілген

Жастар саясатының

2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


     Бағдарламаның атауы      Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға
                              арналған бағдарламасы
     Iске асырылу мерзiмi     2003-2004 жылдар
     Әзiрлеу үшiн негіздеме   "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
                              2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын
                              iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары
                              туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
                              2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен
                              бекітілген Қазақстан Республикасы
                              Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған
                              бағдарламасын iске асыру жөнiндегі
                              iс-шаралар жоспарының 5.4.11-тармағы.
     Негізгі әзiрлеушi        Қазақстан Республикасының Мәдениет,
                              ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
     Мақсаты                  Бағдарламаның мақсаты жастарды
                              әлеуметтендiру процесiнде олардың дамуы
                              үшiн ұйымдастырушылық, әлеуметтiк,
                              экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау
                              болып табылады.
     Мiндеттерi               Жастарды әлеуметтiк қорғауға бағытталған
                              шаралар кешенiн әзiрлеу.
                              Экономикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру
                              және жас азаматтардың кәсiпкерлiк
                              бастамаларын қолдау.
                              Жастар арасында салауатты өмiр салтын
                              қалыптастыру.
                              Республика аймақтарында мемлекеттік жастар
                              саясатын iске асыру жөнiнде
                              ұйымдастырушылық және құқықтық тетiктер
                              әзiрлеу.
                              Мемлекеттік құрылымдардың жастардың
                              қоғамдық бiрлестiктерiмен өзара
                              қатынастарын дамыту және жетiлдіру.
                              Халықаралық жастар ынтымақтастығын
                              кеңейту.
                              Жастар білімiнiң және жастар саясатын
                              ғылыми қамтамасыз етудiң деңгейiн көтеруге
                              жәрдемдесу.
     Iске асыру тетігі        Бағдарламаны iске асыру тетiгi
                              Бағдарламаның iс-шаралар жоспарында
                              көзделген iс-шараларды жастармен жұмыс
                              iстейтiн барлық мүдделi құрылымдарды тарта
                              отырып, кезең-кезеңiмен iске асыруға
                              бағытталған мемлекеттік органдардың
                              үйлестiрiлген iс-әрекеттерiнен тұрады.
     Қаржыландыру көздерi     Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi
                              көздерi болып тиiстi бағдарламалар
                              әкiмшiсi көздейтiн қаражат шегiнде
                              республикалық бюджет және өзге де
                              заңнамамен тыйым салынбаған көздер
                              белгiлендi.
                              Жобаны iске асыру мынадай қаржылық
                              шығындарды көздейді:
                              2003 жылы - республикалық бюджет
                              қаражатынан - 242 778 мың теңге.
                              2004 жылы - республикалық бюджет
                              қаражатынан - 242 778 мың теңге.
     Күтiлетiн нәтиже         Бағдарламада көзделген шараларды iске
                              асыру нәтижесiнде жастардың әлеуметтендiру
                              процесiнде жан-жақты дамуы үшiн жағдайлар
                              жасалатын болады.

КIРIСПЕ

Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 5.4.11-тармағына сәйкес әзiрленді.

Алдындағы кезеңде мемлекеттік жастар саясаты 2001-2002 жылдарда iске асыруға арналған "Қазақстан жастары" бағдарламасына сәйкес iске асырылды. Мемлекеттік жастар саясатының нормативтiк құқықтық, ұйымдастырушылық базасын құру сол кезеңнiң айқындаушы мiндетi болды. Осы бағдарлама әрi қарай дамуға негiз қалады, елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси өмiрiне жас азаматтарды белсендi тарту үшiн қажеттi алғышарттар құрды және тұтастай алғанда өзiне жүктелген негiзгi мiндеттерді сәттi атқарды.

Мемлекеттік жастар саясаты қазiргi кезеңде қол жеткiзiлген нәтижелердi бекiтуге және одан әрi дамытуға бағытталған тетiктердi құруға бағдарлануы тиiс. Атап айтқанда, жастардың әлеуметтiк-экономикалық дамуына айрықша көңiл аудару қажет. Бағдарлама шеңберiнде iске асыру көзделетін аса маңызды iс-шаралардың iшiнен жас кәсiпкерлерді қолдау, жастарды және жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетiктерiн әзiрлеудi, жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер құруды, ауыл жастарының дамуы үшiн, жас адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасауды атау қажет. Сонымен қатар, дарынды жастарды қолдау, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, азаматтық пен патриотизмді дамыту, өңірлiк жастар саясаты, жастар бiрлестiктерiнiң қызметi үшiн жағдай жасау жөніндегі iс-шаралар көзделедi.

1. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң деректерi бойынша 2002 жылдың басында 14 тен 29-ға дейiнгi жастағы жас азаматтардың саны 4 260 000 адамды, немесе халықтың жалпы санынан 28,7%-ды құрады. Салыстыру үшiн айта кететiнi, 1999 жылы осы көрсеткiш 3787700 адамды, немесе халықтың жалпы санынан 25,7 %-ды құраған. Жастар санының осындай күрт өсуi көптеген жылдар бойы байқалмаған (1-кесте).

1-кесте

1995-2001 жылдарғы халықтың жалпы санындағы жастардың үлесі

    
         
 1995  
  1996  
  1997  
  1998  
 1999  
  2000 
 2001 
Жастар  
   %    
       
 24,7  
        
  24,7  
        
  25,0  
        
  25,4  
       
 25,7  
       
  26,9 
      
 28,7 
 
 
 

     Дерек   көзi:   Қазақстан   Республикасының   Статистика   жөніндегі

агенттiгi, 2002 ж.
     Жастардың ауылдық жерден ағылуы проблемасы сақталып отыр. Статистика
деректерi бойынша 2001 жылы ауылдан қалаға қоныс аударған жас  адамдардың
саны өткен жылғы көрсеткiштен 2,5 есе асты.  2001  жылы  iшкi  көші-қонға
қатысқан адамдардың жалпы санындағы жастардың үлесi      41,1 %-ды құрады.
Әдетте, ауыл жастарының қалаға көшуiнiң негiзгi  себебi  оқу  және  жұмыс
iздеу болып табылады.
     Жастар урбанизация  процестерiне  қатысатын  халықтың  аса  белсендi
санатында қалып отыр. Осылайша,  қала  халқының  құрылымындағы  жастардың
саны 2000 жылы 25,8 %-ды құраса, 2001 жылы бұл көрсеткiш   27,9%-ға дейiн
өсті. Бұл ретте, iшкi  көшi-қонның  осындай  көрсеткiштерiне  қарамастан,
ауыл халқының құрылымында жастардың үлесi  жоғары  деңгейде  қалып  отыр.
2001 жылы ауыл жастарының саны 29,8 %-ды құрады.
     Жұмыс iздеуден туындаған жастардың iшкi көшi-қоны масштабтары елеулi
дәрежеде елдiң экономикалық және әлеуметтiк дамуына ықпал етедi. Жастарды
жұмыспен қамтуға, қылмысқа қарсы күресте, тұрғын үй проблемаларын  шешуге
байланысты  бiрқатар  әлеуметтiк-экономикалық  сипаттағы   проблемалардың
өзектілігi артуда.
     Отбасын құру проблемаларын көрсететiн және жас  отбасыны  әлеуметтiк
қолдаудың  қажеттілігiне  назар  аудартатын  неке-отбасы   қатынастарының
көрсеткiштерi   аса   маңызды   мәселелердiң   қатарында.   Статистикалық
зерттеулердің нәтижелерi бойынша, неке қиюдың негiзгi жасы  19-дан  24-ке
дейiнгi жас артығы  екенi  мәлiм.  2000  жылы  25-29  жас  аралығында  өз
қатынастарын заңдастырған 42414 адамға қарағанда, 19 бен 24 жаста  некеге
тұрған ерлер мен әйелдердiң саны 80453 адамды құрады. Сонымен қатар, неке
қатынастарының  "есею"  үрдiстерi  байқалады.  Соңғы  жылдары  осы  үрдіс
ерлерге қарағанда, әйелдерде көбiрек байқалады  (2       есеге). Бұл отбасы
рөлiнiң екiншi орынға ығыстырылып, дәстүрлi құндылықтар жүйесiнiң белгiлi
бiр өзгеруi туралы айтады.
     Сонымен бiрге, тiркелген некелер санының қысқаруына  қарай  келеңсiз
беталысы алаңдаушылық тудырады. Неке қию және ажырасу  туралы  статистика
деректерiне сәйкес 1989 жылы 165 400 неке тiркелген,  ал  1999  жылы  осы
көрсеткiш 64 001 некенi құрады. Неке  санының  азаюы  ажырасу  санына  да
тiкелей  әсер  етеді.  Мәселен,  1999  жылы  жастар  арасындағы   ажырасу
коэффициентi 1,9-ды құраса, 2000 жылы бұл көрсеткiш 1,4-ке дейiн  азайды.
Бұл ретте, 2000 жылғы ажырасулардағы жастардың үлесi 28%-ды құрады.
     Нәтижесiнде  халықтың  туу  деңгейi  төмендеуi  мүмкiн,      өйткенi
ажырасулардың көпшiлiк саны ең репродуктивтi жастағы  өкiлдерге  тиесілi.
Осы үрдiстiң екiншi салдары отбасының  орташа  мөлшерiнiң  қысқаруы  және
толық емес отбасылар санының өсуi болып  табылады.  Жағдай  некеден  тыс,
толық емес отбасыларда туылған балалар санының ұдайы өсуiмен ушығуда.
     Осыған  байланысты,  жас  отбасылық  жұптардың  арасында  ажырасудың
жоғары   көрсеткiшiнiң   сақталуына   әкелетiн    әлеуметтiк-экономикалық
сипаттағы үш негiзгi себептердi бөлiп айту керек:
     1. Жас отбасыларды мақсатты мемлекеттік қолдаудың болмауы.
     2. Отбасын материалдық қамтамасыз етудiң  және  жұмысқа  орналасудың
қиындықтары.
     3. Тұрғын үйдiң болмауы.
     Практика  көрсеткендей,  дәл  осы  жас  адамдар  үшiн  шешiлуi  қиын
проблемалар жиынтығы бүгiнгi таңда отбасыішілік қатынастардағы жанжалдың,
олардың тұрақсыздығының бiрiншi себебi болып табылады. Тұтастай  алғанда,
атап  өткенiмiздей,  бұл  жағдай  республикадағы  туу    көрсеткiштерiнiң
төмендеуiне және демографиялық жағдайдың нашарлауына әкелiп соғады.
     Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат  және  қоғамдық  келісім
министрлігі  жүргiзген  социологиялық  сауалнаманың  нәтижелерi   бойынша
19-дан 25-кe дейiнгi жас арасындағы топ мамандық бойынша жұмысқа орналасу
(39,5%) және тұрғын  үй  болмауы         (12,7%) проблемаларына неғұрлым жиi
кезiгедi, ал 26-29 жастағы  жастар  отбасын  материалдық  қамтамасыз  ету
қиындықтарын бiрiншi орынға қояды.  Осы  проблема  өз  неке  қатынастарын
ресiмдеген жас адамдар арасында аса үлкен көрсеткiшке (57,9 %) ие.
     Қазiргi уақытта жастардың жалпы санынан шамамен     15%-ының ғана өз
тұрғын үйi  бар.  Жастардың              5%-ынан астамы өз меншiгіндегі пәтерді
ата-аналарының көмегi есебiнен иеленiп отыр.
     Жастар халықтың тұрғын үймен ең аз қамтылған бөлiгi болып  табылады.
Бұл ең алдымен, жастарға өз меншiгiне үй сатып алуға және үй  салуға  жер
бөлуге арналған тұрғын үй кредиттеу  тетiктерiнiң  жоқтығына  байланысты.
Бұл  проблеманы  шешу  көбiнесе  жастардың  кепiлдікке  берер       қарыз
қаражатының, меншiгiнiң немесе мүлкінің болмауымен қиындап отыр.
     Жоғарыда көрсетiлген келеңсiз  үрдістердiң  сақталуы,  көптеген  жас
отбасылардың өмiр сүруіне қауiп төндіреді, ол өз  кезегiнде  ажырасушылар
санының тым елеулi өсуiне алып  келуi  мүмкiн,  ол  нәтижесiнде  қолайсыз
әлеуметтiк-демографиялық зардаптарға ие болады.
     Қазiргi әлеуметтiк-демографиялық  жағдай  және  қоғамдық  қатынастар
жүйесіндегі   жастардың   рөлi   оның   дамуына   жасалынған       бiрдей
әлеуметтiк-экономикалық жағдайлармен анықталады.  Ондай  жағдайлар  жасау
мемлекеттiң ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
     Жастардың  дамуындағы  неғұрлым  көкейкестi  мәселелердiң   арасынан
жастарды  жұмыспен  қамту  проблемасын  және  жас  азаматтардың   жұмысқа
орналасуына көмек көрсету, сондай-ақ қалыптасқан экономикалық  қатынастар
жүйесінде жастардың әлеуетін жүзеге асыру үшiн жағдай жасауды атап айтуға
болады.
     Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі  агенттiгiнiң  деректерi
бойынша 2002 жылдың  1  тоқсанында  республикада  экономикалық  қызметпен
айналысатын жастардың жалпы саны 1695622  адамды  (жалпы  жастар  санының
40%-ы немесе экономикалық белсенді  жастар  санының      75,5%-ы) құрайды.
Экономиканың  жекелеген  салалары  бойынша  жастардың  жұмыспен   қамтылу
жағдайы  2002  жылы  көрсеткiшi  мынадай  бейнеде  қалыптасты  (2-кестенi
қараңыз). Экономикалық белсендi жастардың саны 2 241118  адамды  құрайды.
15-29 жас аралығындағы жұмыссыздардың саны 545 496 адамды құрады.  Жастар
арасындағы жұмыссыздық деңгейiнiң көрсеткiшi             24,3 пайызды құрады, ол
жалпы  жұмыссыздық  деңгейiнен  екi  есе           (10,8 %) артық. Барлық
жұмыссыздардың 75        %-ға жуығы жастар болып көрсетiлуi дерегi ерекше
алаңдаушылық тудырады.

2-кесте

Экономика саласында жұмыспен қамтылған жастардың саны

    
Р/с Экономикада жұмыспен   Жұмыспен қамтылған          Барлық     
N   қамтылған, оның        халықтың ішіндегі           жұмыспен   
    ішінде:                жастар                      қамтылған  
                                                       халық, адам
                         15-24 жастағы  25-29 жастағы             
                       (адам) (жұмыспен  (адам)(жұмыс.    (адам)  
                               қамтылған        қамтылған         
                               халықтан         халықтан          
                               %-бен            %-бен             
                               шаққанда)        шаққанда)         
1. Барлығы             908519  14,19     787003  12,29   6402993  
2. Ауыл шаруашылығы,   459552  19,64     275213  11,76   2339429  
   аңшылық және орман                                             
   шаруашылығы                                                    
3. Өнеркәсіп           62503    8,08     88566   11,45   773546   
4. Тау-кен             14144    8,01     21399   12,12   176627   
5. Өңдеу               37091    8,54     51532   11,86   434571   
6. Электр энергиясын,  11268    6,94     15635   9,63    162348   
   газ және су өндіру                                             
   және бөлу                                                      
7. Құрылыс             35499    12,46    28663   10,06   284935   
8. Сауда, автомобиль,  15178    17,14    116547  13,16   885498   
   тұрмыстық бұйымдар                                             
   мен жеке пайдаланыс.                                           
   тағы заттарды жөндеу                                           
9. Қонақ үйлер мен     15597    22,51    11971   17,28   69290    
   мейрамханалар                                                  
10. Көлік және         30014    6,77     48087   10,84   443586   
    байланыс                                                      
11. Қаржылық қызмет    8751     14,39    10758   17,69   60797    
12. Жылжымайтын мүлік. 13040    120,67   10806   100,00  10806    
    пен операциялар,                                              
    жалға беру және                                               
    тұтынушыларға                                                 
    қызметтер көрсету                                             
13. Мемлекеттік басқару 25450   8,79     47363   16,35   289652   
14. Білім беру          52932   8,93     72776   12,28   592414   
15. Коммуналдық,        22519   11,31    27105   13,62   199052   
    әлеуметтік және                                               
    дербес қызметтер                                              
    көрсету                                                       
 
 
 

     Дерек   көзi:   Қазақстан   Республикасының   Статистика   жөніндегі

агенттiгi, 2002 ж.
     Еңбек рыногындағы қатал бәсекелестiк жағдайы жастардың алдына  үнемi
жұмыс iздеу  проблемасын  қояды.  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  және
халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң деректерi бойынша 2002 жылдың  3
тоқсанында жұмыспен қамту мәселелерi бойынша органдарға 63,6 мың жас адам
өтiнiшпен барған, олардың iшiнен республика бойынша 23,5 мың  жас  азамат
жұмысқа  орналастырылған.  Ауылдық  жерлерде  жұмысқа     орналастырылған
жастардың саны 6,7 мыңды құрады.
     Жастарды жұмыспен қамтудың ең тиiмді жолдарының бiрi маусымдық  және
қоғамдық  жұмыстарды  дамыту  болып  табылады.  Бұл  бағыттағы  қызметтер
жергiлiктi атқарушы органдардың көмегiмен жүзеге асырылады.
     Еңбек  және  халықты  әлеуметтiк  қорғау  министрлігінiң   деректерi
бойынша 2002 жылдың 3 тоқсанында қоғамдық жұмыстарға 112,4  мың  жұмыссыз
қатысқан, олардың 8,5 мыңы - жастар.
     Әлеуметтiк қорғаудың белсенді нысаны  қандай  да  бiр  мамандық  алу
мақсатында жастарды кәсiптiк даярлық курстарында оқыту,  сондай-ақ  қайта
даярлау мен біліктілігiн арттыру болып  табылады.  Осылайша,  көрсетілген
кезеңде 6,5 мың адам оқу бiтiрді, оның iшiнде 4906 адам алғаш рет  оқыса,
1160  адам  қайта  даярлықтан  өттi,  273  адам  біліктілігiн   арттырды.
Оқып-үйрену мен қайта даярлықтан өткен жас адамдардың iшiнен 3017  азамат
жұмысқа орналасты, олардың 138-i өз iсiн ашқан, 3096 адам оқу  мен  қайта
даярлықты жалғастыруда.
     Тұтастай алғанда ресми көрсеткiштер жастар арасындағы жұмыссыздықтың
жоғары   деңгейде   екендiгiн   аңғартады.   Өндiрiстiң      құлдырауына,
кәсіпорындардың экономикалық  және  қаржылық  проблемаларына  негiзделген
жасырын жұмыссыздық деп аталатын  немесе  толық  емес,  iшiнара  жұмыспен
қамтылу еңбек рыногына терiс әсерiн тигiзедi.
     Жастар жұмыс тәжiрибесiнiң және  арнайы  дайындықтарының  жоқтығынан
жұмыс берушiлердiң көңiлiнен шықпады және жұмысқа  қабылдауға  iлiкпейдi,
бұл ең алдымен 16-дан 24-ке  дейiнгi  жастағы  жастарға  қатысты  болады.
Еңбек рыногына алғаш рет шыққан жастар арасында айтарлықтай үлестi  еңбек
өтілі жоқ, оқу орындарының түлектерi құрайтыны маңызды проблемаға айналып
отыр.
     Жұмыс iздеуде өтiнiш бiлдiрген  жұмыссыз  жастардың  құрамы  бойынша
бұрын жұмыс iстемегендердiң саны 36,7 мың  адамды  құрайды.  Бұрын  жұмыс
iстемегендердiң iшiнде жоғары кәсiптiк білімi барлар - 15,9  мың  адамды,
орта кәсіптік білімi барлар - 41,6 мың адамды, бастауыш  кәсіптiк  білімi
барлар - 27,4 адамды, жалпы  орта  білімi  барлар  -     117,6 мың адамды
құрайды.
     Еңбек рыногындағы қазiргi ахуал  жұмыс  күшiнiң  экономиканың  нақты
секторынан жасырын  түрiне  көшуiмен  сипатталады.  Экономиканың  аталмыш
саласы ерекше кәсiптiк білімді қажет етпейдi, ол өз  кезегiнде  жастарға,
оның болашақ дамуына, парасатты  қалыптасуына,  кәсiпшiлiгiне  керi  әсер
етедi.
     Осы процестер жас азаматтардың санасында әлеуметтiк құпталатын  және
әлеуметтiк құпталмайтын қызметтерiң өзгеруiне әкелiп соқтырады.
     Осылайша, еңбек жолына түскен жастар халықтың аса елiктегiш санатына
жатады, оны ерекше тәуекелшiл топ ретiнде  сипаттауға  мүмкiндiк  бередi.
Мемлекеттiң  белсендi  араласуынсыз  жұмыссыздық  жағдайына     түбегейлi
өзгерістер енгізу мүмкiндiгi аз болып көрiнедi.
     Жастардың өз әлеуметтiк-экономикалық қабiлетiн iске  асыруына  ықпал
етуші оларды жұмыспен қамту мәселелерi, жүйелi қолдауды қалыптастыру және
қазiргi рыноктық жағдайға бейiмделуiне, кәсiби жоғарылауға  жағдай  жасау
сияқты  мемлекеттік  қолдаудың  негiзгi  шараларынан  жастар     арасында
кәсiпкерлiк қызметтi дамытуды ерекше атау керек.
     Жергiлiктi деңгейде көптеген  өкiлдi  билiк  органдары  өз  құзыретi
шегiнде  жас  адамдар  жүзеге  асыратын  кәсiпкерлiктi  реттеу  саласында
заңнамалық  базадағы  елеулi  кемшiлiктердi  тиiмдi  толықтырады.    Оған
мемлекеттік жастар саясатының өңiрлiк бағдарламасында көрсетiлген  жастар
жүзеге асыратын кәсiпкерлiктi қолдау  (Қарағанды,  Қызылорда,  Маңғыстау,
Қостанай, Павлодар облыстарының мәслихаттары) туралы дербес тармақ енгізу
туралы шешiмдер дәлел.
     Шағын   және   орта   бизнес   кәсiпорындарын   ұйымдастыру     үшiн
бизнес-орталықтар мен бизнес-инкубаторлар құруды (Алматы,  Астана,  Орал,
Көкшетау,  Қостанай,  Тараз,  Атырау,  Қарағанды,  Қызылорда,   Жаңаөзен,
Петропавл, Шымкент қалаларында) атауға болады.
     Өз жеке iстерiн бастауға тiлек бiлдiрген жас  адамдарды  оқыту  және
кредиттеу жөніндегі жедел жобалар ойдағыдай жалғасын тапты (шағын  бизнес
нысандарын қолдау бағдарламалары, өңірлiк бағдарламалар негiзiнде).
     Жастар жүзеге  асыратын  кәсiпкерлiк  саласында  консалтингтiк  және
білім беру қызметiн көрсетуге маманданған дербес құрылымдар  құру  үрдiсi
байқалады. Қазiргi сәтте ондай құрылымдар әр өңiрде жүзеге асырылуда.
     Бiрқатар облыстарда осындай ұйымдар  кәсiпкерлердiң  лигасымен  және
одақтарымен тығыз қарым-қатынас жасайды, өздерiнiң коммерциялық жобаларын
жүзеге асырады және жас  адамдар  жүзеге  асыратын  кәсіпкерлiк  саласына
инвестициялар тартады.
     Тұтастай  алғанда,  жастар  жүзеге  асыратын  кәсiпкерлiктi   тиiмдi
дамыту, екi негiзгi фактордың  -  фискальды  жеңiлдiктер  мен  жеңiлдiктi
кредиттердiң болуын талап етеді. Алайда, жағдай  жастар  жүзеге  асыратын
кәсiпкерлiктi анықталған экономикалық құбылыс ретiнде  анық  өлшемдерінің
жоқтығы, сондай-ақ бизнестi жүргiзудегi іс жүзіндегі аз дағдылармен  және
бизнес жобалардың  жоғары  қауiп-қатерiмен  асқынады.  Одан  басқа,  жаңа
бастап жүрген кәсiпкерлер кредиттiк ресурстарды тиісті кепілдiк  мүлiкпен
қамтамасыз  ете  алмайды.  Қазiргi  кезеңде  жастар  жүзеге      асыратын
кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттiң рөлiн көтеру қажеттілігi даусыз  болып
табылады. Аталмыш проблеманың шешiмi алдағы  уақытта  жас  кәсiпкерлердің
қызметін  реттейтiн  тиiмді  тетiктер  мен  құралдарды  жасауды  қамтитын
ауқымды мемлекеттік қолдауды қажет етеді.
     Жастарды жұмысқа  орналастыру  проблемаларын  шешуде  білім  берудiң
сапасын көтеру және республика жастарының ғылыми-білім беру  процестерiне
белсендi қатысу мәселелерiнiң маңызы зор.
     Қазақстан Республикасы Бiлiм  және  ғылым  министрлігінiң  деректерi
бойынша 2001-2002 оқу жылында жоғары кәсiптiк білімдi мамандар шығарылымы
73 846 адамды құрады, бұл өткен  оқу  жылындағы  көрсеткiштен    12,5%-ға
артық. Орта кәсiптiк білiмдi студенттер шығарылымы 94 201 адамды құрады.
     Тұтастай алғанда республиканың жоғары оқу орындарында 2001-2002  оқу
жылының басында 513 324 адам оқыды. Оның iшiнде 330 839 адам  мемлекеттік
жоғары  оқу  орындарында  және  182  485  адам  жеке  меншiк  жоғары  оқу
орындарында. Мемлекеттік білiм  беру  гранттары  мен  кредиттерi  бойынша
тиiсiнше 47 073 және 25 140 адам оқыған.
     Орта кәсiптiк білім беру мекемелерiнде  оқитындардың  саны  189  776
адамды құрайды. Мемлекеттiң есебiнен оқитындардың саны 45 666 адам, ақылы
негiзде - 144 110 адам.
     Жоғары оқу орындары студенттерiнiң 7,1 %-ы ғана, немесе яғни 36  821
адам стипендия алуға  құқылы.  Студенттердiң  ай  сайынғы  стипендиясының
мөлшерi 2001-2002 оқу жылының басында 2 016 теңгенi құрады. Орта кәсiптiк
оқу орындарының оқушылары 1  613  теңге  және  оқу  озаттары  1855  теңге
мөлшерiнде стипендия алады. Бұл ретте, 164 525 адам, немесе студенттердiң
86,6 %-ы стипендия алмайды.
     Жастар  арасында  байқалған  жұмыссыздықтың  жоғары    көрсеткiшiнiң
объективтi себептерiнiң бiрi еңбек рыногында түлектердiң  кәсiптiк  қажет
етiлмеуiне жетелейтiн отандық оқу орындары түлектерiнiң төмен біліктілігi
болып табылады.
     Бiлiм  беру  процестерiн  жетiлдiру  мәселелерiнде  жастар  саясатын
ғылыми қамтамасыз ету және  жас  ғалымдарды  қолдау  проблемалық  сегмент
болып табылады. Бүгiнгi таңда осы бағыттағы мақсатты  қолдау  жеткiлiксiз
деңгейде жүзеге асырылуда. Жастар саясатының ғылым саласын дамыту бойынша
атқарылып жатқан шаралар бытыраңқы сипатқа ие және қандай болса да елеулi
нәтижелер әкелмейдi.
     Жас  азаматтардың  өз  қабiлетiн  iске  асыруы  үшiн  жағдай   жасау
жастардың зияткерлiк және  шығармашылық  әлеуетiн  айқындауды  және  iске
асыруды көздейдi. Осы бағытта  жүргiзiлетiн  мемлекеттік  жастар  саясаты

Укажите название закладки

Создать новую папку