Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі
одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002
жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығы
ҚР Президентінің 2003 ж. 15 тамыздағы № 1165 Жарлығына сәйкес осы жарлықтың күші жойылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қара
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын бекiтсiн;
2) тоқсан сайын Мемлекет басшысына Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 2, 10-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 206 Жарлығы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 8, 95-құжат; 2001 ж., № 34, 440-құжат).
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен
бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ
2002-2004 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана
2002 жылғы наурыз
Документ утратил силу
Демо – версия документа