Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі № 438 бұйрығы (ҚР Қаржы министрінің 21.10.03 ж. № 372 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі № 438 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрінің 21.10.03 ж. № 372 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының "Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының Бас жоспары туралы" 1996 жылғы 18 қарашадағы № 6 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдіснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы Бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 438 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 21.10.03 ж. № 372 бұйрығымен үлгі жоспар өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары
1-бөлiм. АЙНАЛЫМНАН TЫC АКТИВТЕР
Шот
кодтары
10 Материалдық емес активтер
101 Лицензиялық келісімдер
102 Бағдарламалық қамтамасыз ету
103 Патенттер
104 Ұйымдастыру шығындары
105 Гудвилл
106 Өзге де материалдық емес активтер
11 Материалдық емес активтердің амортизациясы
111 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - лицензиялық келісімдер
112 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - бағдарламалық қамтамасыз ету
113 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - патенттер
114 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - ұйымдастыру шығындары
115 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - гудвилл
Документ утратил силу
Демо – версия документа