(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 18.09.02 Ж. № 438 БҰЙРЫҒЫ
Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі N 438 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2003 ж. 21 қазандағы N 312 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының Бас жоспары туралы" 1996 жылғы 18 қарашадағы N 6 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдіснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы Бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 18 қыркүйектегі
N 438 бұйрығымен бекiтiлген
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары
1-бөлiм. АЙНАЛЫМНАН TЫC АКТИВТЕР
Шот
кодтары
10 Материалдық емес активтер
101 Лицензиялық келiсiмдер
102 Бағдарламалық қамтамасыз ету
103 Патенттер
104 Ұйымдастыру шығындары
105 Гудвилл
106 Өзге де материалдық емес активтер
11 Материалдық емес активтердің амортизациясы
111 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - лицензиялық келiсiмдер
112 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - бағдарламалық қамтамасыз ету
113 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - патенттер
114 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - ұйымдастыру шығындары
115 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - гудвилл
116 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - өзге де материалдық емес активтер
12 Негiзгi қаражат
121 Жер
Редакция документа
Демо – версия документа