Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта үйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 қыркүйектегі № 1062 қаулысы (2023.17.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта үйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 27 қыркүйектегі № 1062 қаулысы

(2023.17.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Көлік жөне коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның жарғысын бекітсін;

2) Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне берсін;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 1062

қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-30 - жолмен толықтырылсын:

«21-30 «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ».

3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-14-жолмен толықтырылсын:

«160-14 «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ».

4. ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 173 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат):

1) 1-тармақтың бірінші абзацындағы «Эйр Қазақстан» деген сөздерден кейін «Астана халықаралық әуежайы» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 2-тармақтағы «Астана халықаралық әуежайы» деген сөздер алынып тасталсын.

7. «Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысына:

3-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамына» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамына» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың үшінші абзацында «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамымен» деген сөздермен ауыстырылсын.


































































































Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции