(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.09.02 Ж. № 1062 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта үйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 қыркүйектегі № 1062 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік жөне коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне берсін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 1062
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» бөлімінің «Әуе көлігі» бөлімшесіндегі реттік нөмірі 60б-жол алынып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа