«Дипломаттық дәрежелердi беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы № 941 Жарлығы (2021.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Дипломаттық дәрежелердi беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы № 941 Жарлығы
(2021.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2021.18.09. № 661 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2021.18.09. № 661 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Президентінің
2002 жылғы 29 тамыз
№ 941 Жарлығымен
бекітілген
ҚР Президентінің 2021.18.09. № 661 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Дипломаттық дәрежелердi беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2021.18.09. № 661 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбiн регламенттейдi.
2. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі
2. Қызметкерлерге мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi:
1) атташе;
2) үшiншi хатшы;
3) II сыныпты екiншi хатшы;
4) І сыныпты екiншi хатшы;
5) ІІ сыныпты бiрiншi хатшы;
6) I сыныпты бiрiншi хатшы;
7) II сыныпты кеңесшi;
8) І сыныпты кеңесшi;
9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
10) I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.
ҚР Президентінің 2011.04.03. № 1167 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа