«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 661 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 ж. 18 қыркүйек
№ 661
Қазақстан Республикасы Президентінің
2021 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 661 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Дипломаттық дәрежелердi беру қағидаларын бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары бекiтiлсiн.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбiн регламенттейдi.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Қағидалардың 3-тармағының алтыншы бөлігінде көрсетiлген лауазымды адамдар қызметкердi тиiстi дипломаттық дәрежеде болу мерзiмi өткенге дейiн 1 (бiр) айдан кешiктiрмей кезектi дипломаттық дәреже беруге ұсынуға мiндеттi.
Демо – версия документа