Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығы (2016.25.11. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығы

(2016.25.11. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:

ҚР Президентінің 2005.01.08. № 1624 (бұр.ред.қара); 2008.28.11. № 702 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 1-тармақ өзгертілді

1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.

ҚР Президентінің 2012.29.12. № 457 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;

2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

3. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

ҚР Президентінің 11.02.03 ж. № 1022; 29.12.03 ж. № 1267 Жарлығымен (бұр. ред. қара); 2007.07.02. № 279 (бұр.ред.қара); 2008.19.09. № 657 (бұр. ред. қара); 2008.28.11. № 702 (бұр.ред.қара); 2009.21.09. № 873 Жарлықтарымен ереже өзгертілді; ҚР Президентінің 2012.29.12. № 457 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Президентінің

2002 жылғы 26 сәуірдегі

№ 853 Жарлығымен

бекітілген

 

 

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес теңіз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегіндегі аумақтың бөлігінде орналасқан.

АЭА-ның аумағы 2000 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции