Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 343 қаулысы (2006.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру
туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 343 қаулысы
(2006.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.17.08. № 86 Қаулысымен күші жойылды
Экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармаcы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсiн, оның валюталық бақылау жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету өндiрiске енгiзiлгеннен кейiн Басқарманың жеке қаулысымен қолданысқа енгiзiлетiн осы Нұсқаулықтың 7-бөлiмi мен № 7, 8, 15 және 16-қосымшаларынан басқасы және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.03 ж. № 484 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Кедендік бақылау агенттігі арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететiн электронды арна бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне - 50% және Кедендік бақылау агенттігіне - 50% үлеспен тең бөлiнетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі және уәкілетті банктер арасында электрондық түрде экспорт-импорт валюта бақылау жөнінде ақпарат алмасу және есеп беру жүзеге асырылсын.
3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа