Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы № 70 Қаулысы (2009.27.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының
2000 жылғы 26 ақпандағы № 70 Қаулысы

(2009.27.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 196 Қаулысымен күші жойылды

 

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 304 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.11. № 256 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) (2008 жылғы 1 мамырда қолданысқа енеді)

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жіктелуге жататын банктердің несие портфелінің 2 пайызынан кем емес сомада екінші деңгейдегі банктер үшін резерв капиталының барынша төмен мөлшері белгіленсін.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 32 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген резервтік капиталдың барынша төмен мөлшері тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріне - 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралмайды.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгiзiлсiн.

3. Банктердi қадағалау департаментi (Мекішев А. А.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции