«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы «Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы» № 70 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 256 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы «Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы» № 70 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының
2007 жылғы 30 қарашадағы № 256 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы «Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы» № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1169 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» № 304 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жіктелуге жататын банктердің несие портфелінің 2 пайызынан кем емес сомада екінші деңгейдегі банктер үшін резерв капиталының барынша төмен мөлшері белгіленсін.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 мамырда қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
Документ утратил силу
Демо – версия документа