«Аумақтық ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдық бөліністері туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 397 бұйрығы
«Аумақтық ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдық бөліністері туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 397 бұйрығы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аумақтық ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдық бөліністері туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 115) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«115) осы бұйрыққа 115-қосымшаға сәйкес Ішкі істер департаментінің ішкі бақылау бөлімі (бөлімшесі, тобы) туралы үлгілік ереже», көрсетілген бұйрыққа 115-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 13 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 478 бұйрығына
115-қосымша
Ішкі істер департаментінің ішкі бақылау бөлінісі (бөлім, бөлімше, топ) туралы
ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Ішкі істер департаментінің ішкі аудит бөліністерінің (бөлім, бөлімше, топ) (бұдан әрі - бөлініс) мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің үлгілік ережесіне сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
Демо – версия документа