Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Ішкі істер департаментінің ішкі бақылау бөлінісі (бөлім, бөлімше, топ) туралы үлгілік ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 115-қосымша) (2016.13.04. берілген өзгерістермен)

ҚР Ішкі істер министрінің 2016.13.04. № 397 бұйрығымен үлгілік ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 478 бұйрығына

115-қосымша

 

 

Ішкі істер департаментінің ішкі бақылау бөлінісі (бөлім, бөлімше, топ) туралы

үлгілік ереже

(2016.13.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Ішкі істер департаментінің ішкі аудит бөліністерінің (бөлім, бөлімше, топ) (бұдан әрі - бөлініс) мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің үлгілік ережесіне сәйкес әзірленді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бөлініс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен құрылады.

2. Бөлініс өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң), қолданыстағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі құжаттарының талаптарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөліністің құрылымын, штат санын Министр бекітеді.

4. Бөлініс қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады, олар Ішкі аудит бөлінісі туралы ереженің негізінде әзірленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

 

 

2. Бөліністің мәртебесі

 

5. Бөлініс Ішкі істер департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бөлінісі болып табылады, басқа құрылымдық бөліністерден тәуелсіз, Ішкі істер департаментінің бастығына (бұдан әрі - Департамент бастығы) бағынады және есеп береді, Департаменттің ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде шығады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции