Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 Қаулысы (2023.01.09. берілген өзгерістермен)

«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 Қаулысы

(2023.01.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Мыналар:

1) ҚР Үкіметінің 2023.29.08. № 731 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2023.29.08. № 731 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қоғам қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

3. ҚР Үкіметінің 2023.29.08. № 731 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің теңгеріміндегі республикалық мүлік акцияларын төлеуге беру есебінен қалыптастырылсын.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) қоғам жарғысын бекітуді;

2) қоғамның атынан құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және Қоғам органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаларды сайлауды;

3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;

5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции