(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «TURAR HEALTHCARE» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒ...
«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 Қаулысы
(2022.11.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Мыналар:
1) қоғам денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор;
2) қоғамның денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі өкілеттігі;
3) қоғам қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
ҚР Үкіметінің 2022.11.10. № 811 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператордың функциялары:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларын құруға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған қызметті жүзеге асыру;
2) денсаулық сақтау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және қызмет көрсету мақсаттары үшін инвестициялар мен қарыз алуды тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) денсаулық сақтау саласындағы жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;
4) денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және қызмет көрсету жобалары, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
5) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына енгізу және трансфертін жүзеге асыру жөніндегі қызметті іске асыру;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерін жүргізуге қатысу;
Редакция документа
Демо – версия документа